- Advertisement -

Цифрлық құжат — тұрмыс қажеттілігі

141

- Advertisement -

Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың нәтижесінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын электронды үкімет жүйесі арқылы тапты. Мұның тиімді жақтары айтарлықтай. Электронды үкімет қажетті ақпаратты жедел береді, мемлекеттік қызмет көрсетуді тиімді етеді және шығынның аздығымен әрі ашық, жариялылығымен ерекшеленеді. Үкіметтік ұйымдардың да өзара тығыз байланыста жұмыс істеуіне елеулі ықпал етеді.

Үкімет ұсынған қызметтерді халық ақпарат алмасудың жылдамдығы арқасында тез меңгеруде. Керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды үкіметтің игілігі. Ал электронды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық.

2022 жылдың 15 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кейбір заңнамалық актілерге инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Электрондық құжаттар ресми түрде қағазға теңестірілді.

Бүгінгі таңда Қазақстандықтарға жеке куәлік, екпе төлқұжаты, жүргізуші куәлігі, неке туралы куәлік және басқа да цифрлық құжаттар Kaspi.kz мобильды қосымшасында қолжетімді.

Сол сияқты, Kaspi.kz қосымшасын пайдаланушылар баланың туу туралы куәлігін беру қызметіне жүгініп, құжатты онлайн ала алады.

Туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Атап айтқанда, өтінімде баланың аты-жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін – куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдау қажет.Өтінімді берген кезде ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында бейнетексеруден өту керек. Бұл азаматтардың құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.

Аталған сервис Денсаулық сақтау, Әділет, Инновацияларды цифрлық дамыту және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, «ҰАТ» АҚ және Kaspi.kz компаниясымен бірлесіп іске асырылды.

 

Диана ИСКАКОВА,

облыс әкімі аппаратының

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді

мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support