Басты мақсат – ақылы жұмыспен қамту

119

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде ағымдағы жылды қорытындылау мақсатында жабық мекемеде кәсіп ашқан азаматтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаевтың төрағалығымен жиынға «Villa строй», «Запчасть», «Компания Самұрық», «Азбука успеха 2020», «ОРЦ Тараз» және «Ержан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары арнайы шақырылды.

Басқосу барысында түрлі мәселелер көтеріліп, кемшіліктерді жою бойынша өзара шешім шығару жайы сөз болды. Бұдан бөлек, сотталған азаматтарды ақылы жұмыстармен қамту күнтәртібінен түспейтіні баса айтылды.

Айта кетейік, жабық мекемеде 212 азамат жазасын өтесе, оның ішінде 163 адам еңбекпен қамтылған.

Comments are closed.