Денсаулық

Таразда толайым тірлік көп

Таразда толайым тірлік көп

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасында 2022 жылға белгіленген міндеттемелердің бірі – өңірде құрылыс саласын қарқынды жүргізу. Соның ішінде Тараз қаласы бойынша Сүлейменов көшесінің соңындағы «Ұлы дала» ықшамауданында 71 көпқабатты тұрғын үйге биыл 22 миллиард 751 миллион 114,6 мың теңге бөлінген еді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 36 кредиттік тұрғын үйге 20 миллиард 900 миллион 191,6 мың, ал 6 арендалық тұрғын үйге 1 миллиард 850 миллион 923 мың теңге қаржы қарастырылды.

Бүгінде 42 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 7 көпқабатты нысан қабылданған. Осы 42 нысанның 36-сы 2440 пәтерден тұратын кредиттік тұрғын үй. Оның жалпы алаңы – 137 574,45 шаршы метр. 6 арендалық тұрғын үйдің жалпы алаңы –20 284,9 шаршы метр, ал онда 380 пәтер бар. Қалған 35 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, ел игілігіне тапсыру жоспарланған. Бұдан бөлек қосымша 29 жаңа тұрғын үйдің (кредиттік) сараптамадан оң қорытындысы алынып, мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылыпты. Осы нысандардың барлығы да 2023 жылға өтпелі. Оның ішінде 10 кредиттік тұрғын үйдің алтауы коммерциялық – 48 пәтерлі, төртеуі 80 пәтерлі каркасты тұрғын үй. Бұл бойынша қазір 3 миллиард 950 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсынан өтіп жатыр. Сонымен қатар 8 мердігер анықталып, 2 мердігер анықталу үстінде. Жұмысты толық аяқтау үшін 1 миллиард теңге қажет көрінеді. Бүгінде 10 каркасты тұрғын үйдің жобасы экспертизадан өтіп, мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылған. 10 каркасты 45 пәтерлі тұрғын үйге 2 миллиард теңге қарастырылса, құрылыс жұмысын аяқтауға қосымша 4 миллиард 604 миллион теңге қажет. Ал қалған 9 тұрғын үйдің жобасы сараптамадан өтіп, оң қорытынды алынған. Қазіргі уақытта мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсынан өтіп жатыр. Осы тұрғын үйлердің мердігерін анықтау үшін 100 мың теңгеден мемлекеттік бюджеттен қаражат қарастырылып қойған. Десе де істі толық аяқтауға 6 900 миллион теңге қажет. Тараз қаласының бас жоспарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес «Ұлы дала» ықшамауданында қалған соңғы 16 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қала аумағында жекеменшік әріптестік аясында да бірқатар тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Арай строй маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Төле би даңғылы №118 мекенжайда 136 пәтерлі (11,0 шаршы метр) тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Ол тұрғын үйдің пайдалануға берілу мерзімі – 2022 жыл. «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасының экологиялық саясат бөлігінде: «Өркениетті әлем елдері экологиялық мәдениетті қалыптастыруға көшті. Біз де қоршаған ортаны сақтау үшін әлемдік экологиялық жоғары стандарттарды экономиканың барлық салаларына енгіземіз. Қазақстан халқы мен келешек ұрпақ табиғи өнім, саф ауа, таза ауызсу тұтыну үшін экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеуді бүгіннен бастаймыз. Экологиялық саясаттың түпкі мақсатының бірі – «жасыл экономиканы» қалыптастыру. Оның аясында баламалы энергетика көздеріне эволюциялық түрде көшу, алыс болашақта көміртектен арылу міндеті қолға алынады. Табиғи ресурстарды, өзен-көлдерді үнемді пайдалану, жануарлар әлемін, табиғи парктерді, экожүйені сақтау және қорғау – біз үшін негізгі басымдықтың бірі», деп атап көрсетілген. Осы мәселені аталған партияның облыстық филиалы назардан тыс қалдырған емес. Партия филиалының «Экологиялық мәселелер» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінде облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нағима Темірбекова Тараз қаласындағы Жауғаш батыр көшесінің бойында ІІ көтерілім сорғы стансасын салу нысанының құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, сол жылы толық аяқталғанын айтады. Мердігер мекеме – «Тараз строй-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысан сол жылдың соңында пайдалануға тапсырылған. – 2022 жылға Тараз қаласындағы бас су имаратынан бастап 4-жылу электр стансасына дейін (№19 құдық арқылы) диаметрі 700 миллиметрді құрайтын екінші су тартқышты қайта жаңғырту нысанының жобалық-сметалық құжаттамасының сараптамасына 2,5 миллион теңге бөлінді. Алайда сметалық құжаттама ескіруіне сәйкес қайта есептелді. «Тараз қаласында Қосы батыр көшесінен бастап магистральді коллекторға дейін Пушкин көшесінің бойында кәріздік коллектор салу» жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бұл да 2020 жылы №19-0213/20 сараптамадан оң қорытынды алынған болатын. Нысанның құны 717,678 миллион теңгені құрады. Аталған жылы нысанның құрылыс жұмыстары бұрынғы «Тараз су» мекемесі есебінен жасалды. 14-ықшамауданды ұзындығы 8,844 шақырым болатын электрмен, 20,713 шақырымдық сумен және кәрізбен қамтамасыз ету көзделген. «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабының 1,2,3,4,5,6,7 алқаптарын электрмен қамтамасыз ету (62,718 шақырым) нысанын, «Қарасу» (Құмшағал) алқабына дренаж құрылысын (17,642 шақырым) жүргізу, Каллаур аким (1,947 шақырым) және Сәтпаев алқаптарын сервистік желілермен (1,475 км) қамтамасыз ету жоспарланған. Соның ішінде Тараз қаласы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы 113,3 шақырым желі пайдалануға беріледі. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 258,1 шақырым су құбыры жүргізіледі. «Тектұрмас», «Шөлдала», «Қарасай», «Құмшағал», «Қызылабад», «Көлтоған», «Жиделі», «Казарма» тұрғын алқаптарын су құбырымен қамтамасыз ету желілерінің құрылысы жоспарланған. Барлығы – 371,4 шақырым, – дейді Нағима Тұйғынбекқызы Сонымен қатар Тараз қаласы аумағындағы жекеменшік әріптестік аясында салынатын нысанның құрылыс жұмыстары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі арқылы жүзеге асырылмақ.  

Нұрым СЫРҒАБАЕВ, журналист.