- Advertisement -

Ізгілік жолында іс жасайық

85

- Advertisement -

Асыл дініміз Исламда жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани һәм материалдық қырынан жан-жақты қолдау көрсетіп, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Және бұл Құран Кәрімнің бірнеше аяты мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін­де анық көрініс тапқан. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 272-аятында: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да соның бәрі өздеріңе толық қайтарыла­ды және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни сауаптарың­ды толық аласыңдар)», дейді. Қайырымдылық – мұқтаж жандардың қажеттілігін өтейтін игі іс. Қазақстан мұсылмандары діни басқарма­сының да негізгі бағыттарының бірі қайырымдылық екені белгілі.

Бұл с ауапты істен орт алық «Һибатулла Тарази» мешіті де шет қалмай, белсенді атсалысып келеді. Аймақта өткен жылы жыл басынан жомарт жандардың қолдауымен 3 305 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылған, нәтижесінде 138 216 мұқтаж жанға көмек көрсетіліпті.

– Ағымдағы жылы облыс бойынша «Мектепке жол» акциясындағы 55 шарада 768 отбасы балаларына керек- жарақ әперілді. Қасиетті Рамазан айындағы «Ауызашар с ебеті» жобасы аясында 824 іс-шарада 91 461 жанға, «Көшпелі қайырымдылық керуені», «Рамазан керуені» қайырымдылық жобаларымен 15 іс- шара ұйымдастырылып, 432 адамға көмек қолы ұсынылды, – дейді ҚМДБ- ның облыс бойынша «Зекет» қорының өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев.

Мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бұдан бөлек түрлі атаумен қайырымдылық шаралары да іске асып келеді. Соның бірі – 2014 жылдан бастау алып келе жатқан «Тайқазан» жобасы. Сегіз жылдан бері тұрақты түрде материалдық жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған, толық емес отбасыларға, жетім-жесірлерге және мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Ел көлеміндегі игі шарадан жамбылдық имамдар да қалыс қалмады.

Қайырымды жұма марафоны орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен бастау алып, облыс бойынша қала, аудан, ауыл мешіттері барлығы толығымен қамтылып, өңірде әлеуметтік жағдайы төмен мыңға жуық адамға азық-түлік толы қайырымдылық себеттері табысталды.

Облыстық мешітте ҚМДБ- ның облыс бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен дін мамандары мешітке келген отбасыларға табыстаса, келе алмағандарына үйді-үйге жеткізілді.

– Биыл «Тайқазан» жобасы аясында жүзеге асырылған қайырымдылық шарасы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен бастау алып, еліміздің барлық аймағында жалғасты. Осындай бір-бірімізді барынша қолдау мен демеу мақсатында, бірлігімізді іспен айқындайтын мезгілде айналамызға байыппен қарап, көмек қажет ететін отбасыларға азық-түлік таратып отырмыз. Бұл бағытта «Зекет» қоры өңір мешіттерімен, қайырымдылық қорларымен бірле сіп, кешенді шаралар атқарып жатыр. Мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру – дінімізде аса сауапты амалдардың бірі. Облысқа қарасты қала, аудан мешіттері де өз аймақтарында осы негіздегі жұмыстарды белсенді жасауда. Жоба аясында бізде аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарды азық-түлік, ет, көмірмен қамту мақсатында облыс орталығы мен аудан, ауылдарда түрлі қайырымдылық шаралары да жүзеге асуда. Жыл басынан бері демеушілердің қолдауымен «Қайырымдылы қ – қайырлы іс», «Берекелі жұма», «ҚМБД қайырымдылық жаршысы» атты қайырымдылық жобалары тұрақты түрде өткізіліп келеді, – деген облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлетін азаматтар мен қоғам бар кезде осындай қайырымдылық шаралары жалғасатынын тілге тиек етті.

Алмағайып заманда адамдардың бір-біріне демеу болып, мейірім шуағын шашып, қол ұшын созуы мына жарық дүниені нұрға бөлейді. Сондықтан да болар, қазіргі таңда мемлекет тарапынан да, қолы ашық кәсіпкерлер мен жомарт жандардың тарапынан да қайырымдылық жасау тұрақты ұйымдастырылатын игі шаралар легіне айналды. Игі істің бастауы болып жүрген азаматтарға Алланың нұры жаусын!

 

Айжан ӨЗБЕКОВА,

журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support