- Advertisement -

Жамбыл облысында Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті

102

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаевтың төрағалығымен Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарындағы Мемлекеттік Рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуына жүргізілген зерделеу қорытындысы қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары                А. Садубаев баяндама жасап, зерделеу барысында анықталған кемшіліктерге тоқталды.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 20-22 желтоқсан аралығында Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандардағы жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларға қарасты мекемелердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдануына зерделеу жұмыстары жүргізілген.Зерделеумен аталған аудандарда 216 мекеме қамтылған.

Нәтижесінде, бірқатар мекемелерде Мемлекеттік Рәміздердің тозуы, қарайып, түсі ескіруі сияқты кемшіліктер анықталған. Дегенмен, аталған кемшіліктер зерделеу жұмыстары аяқталғанға дейін бір күннің ішінде түзетіліп, қалпына келтірілген.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Е.Үйсімбаев Мемлекеттік Рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуында кемшіліктерге жол бермеу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support