Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды
«Сайлау туралы заңға сәйкес 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу тоқтатылды. Осылайша кандидаттар ертеңнен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Үгіт-насихат 13 қаңтарға дейін жалғасады», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында. ОСК ұсынған мәліметке сәйкес, ел бойынша барлығы 66 кандидат тіркелді. Олардың орташа жасы – 51,8. Сенат депутаттығына үміткерлердің 69,7 пайызы – ер, 30,3 пайызы – әйел. Еске сала кетейік, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді. Сенат депутаттығына сайланатын әр кандидатқа бюджеттен 550 мың теңге қаражат бөлінді.
«Aq jol»-Aqparat».