- Advertisement -

Тағайындау

111

- Advertisement -

Жамбыл облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жайықбай Шалдарұлы 1976 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономикалық кибернетика», Солтүстік Қазақстан Заң академиясын «құқықтану», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «саясаттану» мамандықтары бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің Есіл, Аққайың аумақтық бөлімдерінің сот, аға сот орындаушысы, Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бас маман- заңгері, бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің бөлім бастығы, Сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары, Жамбыл облысы Сот актілерін орындау департаментінің басшысы, Әділет департаменті басшысының орынбасары, құрылыс басқармасының басшысы, орынбасары, Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында еңбек етіп келген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support