Ерекше балаларға қуаныш сыйлады
Ерекше балаларға қуаныш сыйлады
–Ерекше балаларға арналған мұндай мерекелік іс-шараны ұйымдастыруды өзіміз қолға алдық. Жалпы, төрт жыл бұрын «Талмас» ерекше балалар мен аналар тобы құрылды. Алғашында 15 бала ғана болған бұл топта бүгінде 100-ден аса жеткіншек бар. Оларға Астана, Алматы қалаларынан және өзге де облыстардан келген мамандар қызмет көрсетеді. Бүгінде нәтиже жаман емес. Әр бала өзін қоғамның лайықты мүшесі сезініп, өмірден өз орнын табуға ұмтылуда. Бізге бұған дейін өңірге белгілі азаматтар қаржылай қолдау көрсетіп келді. Бірі балалардың ем-домына қажетті қаражатты берсе, өзгесі олар үшін жалға алынған ғимараттың ақысын төлеп жатыр. Мұның бәрі біз үшін үлкен қолдау, – деді «Талмас» ерекше балалар мен аналар тобының белсенді мүшесі Айжан Болатбекова. Салтанатты іс-шара соңында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов «Талмас» ерекше балалар мен аналар тобындағы жеткіншектерге алдағы уақытта жергілікті билік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
«Aq jol»-Аqparat».