- Advertisement -

Әр азаматтың денсаулығы – ұлт жетістігі

23

- Advertisement -

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова Жамбыл аудандық орталық ауруханасында болып, Primary Health Care Ұлттық Қауымдастығының басқарма төрағасы Роза Абзаловамен бірге ондағы «Үздік практика орталығы» жұмысының жыл бойындағы жетістігі, алдағы жылға қойған міндеттері мен атқарған қызметімен танысты.

Сондай-ақ орталықтың 2023 жылға арналған даму жоспарын талқылап, сала жұмысын дамыту мен халық денсаулығын арттыру бағытында бірқатар тапсырмалар беріп, қордаланған мәселелерді шұғыл шешу бойынша тиісті міндеттер мен бағыттарды табыстады. Басқарма басшысы аудан халқын профилактикалық тексеру мен медициналық талдау-сараптау бойынша жауапты бөлім қызметкерлерімен кездесіп, оларға пациентке алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бағытындағы жаңашыл әдістер мен инновациялық тәсілдерді айтып берді. Роза Абзалқызы басқа облыстардың тәжірибесін айтып, пациентті қабылдау бойынша жаңаша ережелермен таныстырды.

Облыстың бас дәрігері аурухана басшылығына «Отбасы денсаулық орталығының» жұмысын жетілдіру бойынша атқарылар жұмыстар легін тапсырып, олардан нәтиже күтетіндігін пысықтап айтты.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support