Әлеумет

Мақсат - жұмыссыздықты жою

Мақсат - жұмыссыздықты жою

Қай елдің болсын әлеуметтік саласының ең жанды жері – жұмыс­сыздық екені жасырын емес. Бүгінде жұмыссыздық мәселесімен әлем бойынша күрес жүруде. Жұмыссызы жоқ мемлекет бола қоймас, бірақ оны азайтып жатқандар баршылық. Осы орайда Жамбыл ауданында да бұл бағытта «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ауыз толтырып айтарлықтай істер атқарылып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу. 2014 жылға арналған бағдарламаның барлық бағыттары бойынша жалпы 707,2 миллион теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңде жоспар бойынша сол қаржының 688,8 миллион теңгесі игерілді немесе ол 97,3 пайызды құрады. Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысымен биылғы ақпан айының 26-сы күні Жамбыл ауданының 3 жылға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілді. Сөйтіп, 2014-2016 жылдарға арналған аудан бойынша және ауылдық округтер бойынша Жұмыспен қамту картасы жасақталып, қорғалды. Бағдарламаны іске асыру барысында төмендегі жұмыстар атқарылды. Бағдарламаның 1-ші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» арқылы 2014 жылы 410 миллион 373 мың теңге қаржы бөлініп, 6 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, 107 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, 108 азамат уақытша жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» атты 2-ші бағыты бойынша 2014 жылы 134 азаматқа шағын несие алуға 202 миллион 300 мың теңге қаржы бөлінген. Ал, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 15 азаматқа республикалық және облыстық бюджеттен 50 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда 15 азаматтың өтініштері бойынша 8 азаматқа 3-фазалық электр желісі, 6 азаматқа күн сәулелі батереямен жабдықтау, бір азаматты кіші қысымдағы газ құбыры желісімен қамтамасыз ету үшін олардың құрылысына бас мердігер ретінде «Кондор Даму Құрылыс» ЖШС танылып, 46 миллион 992 мың теңгесі игерілуде. Қазіргі таңда 8 азаматқа 3-фазалық электр желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, қондырғылары орнатылды. Кіші қысымдағы газ құбыры желісі жеткізілді. Бүгінгі таңда 6 азаматтың өтініштері бойынша жайылымдық мал шаруашылығын жарықтандыруға күн сәулесінен алынатын электр қондырғысын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына несие алуға 358 үміткердің тізімі жолданды. Қазіргі таңда 82 азаматқа өз кәсібін дамытуға шағын несие беріліп, 2014 жылға бөлінген қаржының 194 миллион 400 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде: өз ісін ашуға 62 азамат, өз ісін кеңейтуге 20 азамат несие алды. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша осы жылдың 30 қазанына дейін 82 азамат несие алған. Сонымен қатар осы бағыт бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 2015 жылға 820 миллион теңге сұраныс берілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалына аталған бағдарламаға сәйкес облыс аумағында шағын тауарлы сүт фермаларын құру, мал бордақылау алаңдарын соғу, сүт дайындау пункттерін ашу және сүтті өңдеу бағдарламаларының бағыттары бойынша несие алуға ниетті 35 азаматтың тізімі жолданған. Қазіргі таңда 11 азамат несие алып, асыл тұқымды сауын сиыр сатып алуда және мемлекет тарапынан беретін субсидияға құжаттарын дайындауда. Бағдарламаның 3-ші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» «Әлеуметтік бос жұмыс орындарына» республикалық бюджеттен 40 адамға 8 миллион 726 мың теңге бөлінді. 46 азаматқа аудандағы 16 шағын кәсіпкерге жұмысқа орналасуға жолдама беріліп, ағымдағы жылға қаралған қаржының 7 миллион 180 мың теңгесі игерілді. Ал «Жастар тәжірибесі» бағдар­ламасы бойынша 120 азаматқа 23 миллион 669 мың теңге қаражат бөлінген. Бүгінде қайта даярлау курсын 17 азамат аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды. Біліктілігін арттыру курсына 436 мың теңге қаржы бөлінген. Жалпы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 505 адам жұмыспен қамтылды. Осы бағдарлама арқылы 1189 адам тұрақты және уақытша жұмысқа тұрды. Қалған 90 адамды жұмыспен қамту іс-шаралары жүргізілуде. Ауылдық округ аумағында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын жарнамалау мақсатында 4 елді мекенге билбордтар ілінді. Мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Шымкент қалаларына 5 маман дәріс алып, сертификаттар алды.

Нұрқасым ҮКІБАЕВ, аудан әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры.

Жамбыл ауданы.