- Advertisement -

Қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

114

- Advertisement -

Талап қоюшы Л. Тараз қалалық сотына жауапкер Н.-дан 3 500 000 теңге қарызды, 492 828 теңге тұрақсыздық айыппұлын, 350 000 теңге өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын, барлығы 4 342 828 теңгені өндіру туралы талап қоюмен жүгініп, онда жауапкер Н.-ның одан 2019 жылғы 3 наурызда 3 500 000 теңге қарыз алып, аталған қарыз ақшаны осы уақытқа дейін қайтарып бермегендігін көрсеткен.

Судья-татуластырушы тараптарға медиацияның ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен кейін, тараптармен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сотқа ұсынылды. Келісімшарттары бойынша: жауапкер Н. талап қоюшы Л.-ның пайдасына 4 342 828 теңгенің 50 000 теңгесін 2022 жылдың қараша айының 25-інде, 50 000 теңгесін 2022 жылдың желтоқсан айының 25-інде, қалған 4 242 828 теңгесін 2023 жылдың қаңтар айының 25-нен бастап ай сайын 100 00 теңгеден қарызын төлеп біткенше төлеуге міндеттенеді.

Талап қоюшы Л. өз талабынан бас тартады. Судья тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, іс жүргізу тоқтатылды.

 

К.САТЫБАЛДЫ,

Тараз қалалық сотының судьясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support