Қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді
Қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді
Судья-татуластырушы тараптарға медиацияның ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен кейін, тараптармен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сотқа ұсынылды. Келісімшарттары бойынша: жауапкер Н. талап қоюшы Л.-ның пайдасына 4 342 828 теңгенің 50 000 теңгесін 2022 жылдың қараша айының 25-інде, 50 000 теңгесін 2022 жылдың желтоқсан айының 25-інде, қалған 4 242 828 теңгесін 2023 жылдың қаңтар айының 25-нен бастап ай сайын 100 00 теңгеден қарызын төлеп біткенше төлеуге міндеттенеді. Талап қоюшы Л. өз талабынан бас тартады. Судья тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, іс жүргізу тоқтатылды.
К.САТЫБАЛДЫ,
Тараз қалалық сотының судьясы.