- Advertisement -

Зерттеу мен зерделеу

54

- Advertisement -

15 желтоқсан – бүкіләлемдік түркі тілдері күніне орай Франция астанасы Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен «Әлем мәдениетіндегі түркі өркениеті: Елтеріс Құтлұқ қаған жазбасы» атты халықаралық форумы өтті. Бұл форум ағымдағы жылдың тамыз айында Моңғолияның Архангай облысының Номгон алқабында Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия ғылым академиясы мамандарының археологиялық экспедициясы нәтижесінде табылған Екінші Түркі қағанатының билеушісі Елтеріс Құтлұқ қаған дәуіріне (б.з. VIII ғ.) жататын жазу құрметіне арналды. 

Осы бір тарихи оқиғаны бүкіләлемдік түркітанушылар түркі жазуының тарихын зерттеуде жаңа мүмкіндіктер ашады деп қабылдады. Халықаралық жиында академиялық орта өкілдері, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген танымал түркітанушы ғалымдар бас қосты. Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев пен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Өкілетті және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Гүлсара Арыстанқұлова, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия Республикаларының төтенше және өкілетті елшілері құттықтау сөздерін арнады.

Ал ТүркПА бас хатшысы Мехмет Сүрея ер, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркия ғылым академиясының президенті Музаффер Шекер және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Саурықов арнайы шақырылып, пленарлық кездесуде өздерінің мазмұнды пікірлерімен бөлісті.

Жерлесіміз, түркітанушы-ғалым Ерболат Байұзақұлы «Түркі этногенезі: көне түркі тілінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында түрік тілінде баяндама жасады. Ғалым өзінің зерттеу жұмысында түркі жазуының тарихы мен жалпы түркі тілдес халықтардың рухани бастауларын зерттеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға болатынын тілге тиек етті. Оның одан әрі дамуына оң ықпал жасауға болатынын дәлелдеді.

2023 жылы Тараз жеріне, өзі басқаратын жоғары оқу орнына түркілердің ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндар туралы зерттеп жүрген әлемнің барлық саладағы ғалымдарын ортақ басқосуға шақыру бастамасын да көтерді. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Өкілетті және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Гүлсара Арыстанқұлованың, Түркі академиясының Президенті Шахин Мұстафаевтың келісімін де алды.

Біз ғалымның Париж төрінде жасаған баяндамасын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support