- Advertisement -

Ғасырдың қос алыбы

99

- Advertisement -

Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының және Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың құрметіне орай облыс орталығындағы батыр атындағы 45 классикалық гимназиясында «Бауыржан Момышұлы және Әзілхан Нұршайықов: Ақиқатқа айналған аңыз» тақырыбында республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Өңірлік тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы мен білім ошағы бірлесе ұйымдастырған жиынға батырдың немере інісі, ардагер журналист Бекет Момынқұл, жазушы-драматург Елен Әлімжан және ZOOM платформасы арқылы филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы, жазушы Мамытбек Қалдыбай, Шымкент қаласы шеберлік орталығының қызметкері, белгілі бауыржантанушы Абай Қалшабек пен облыстық мәдениет және білім басқармаларының өкілдері, ұстаздар қауымы, студенттер мен оқушылар қатысты.

Конференцияда қос таутұлғаның өмірі мен қызметі, ғылыми және әдеби мұралары жөнінде сүбелі ойлар айтылды. Екі алыптың шығармашылығын насихаттап, келер ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған басқосуда жастар жағы аға буын өкілдері айтқан тың мәліметтерге қанық болды. Іс-шара барысында «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының магистрі Әлімбай Найзабаев бірнеше жыл бұрын Әзілхан Нұршайықовтың шығармасына арнап жазған өлеңін оқыды.

Ал 2-курс студенті Сәт Қуантай қазақтың қара домбырасымен Бауыржан батырға арнаған жүрекжарды толғауын орындап берді. Жиын соңында батырдың немере інісі, белгілі журналист Бекет Момынқұл Бауыржан Момышұлының 30 томдық кітаптар жинағын облыстық тарихи-өлкетану музейіне тарту етті.

 

«Aq jol»-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support