- Advertisement -

Құжаттарды жеткізіп беру қызметі де бар

69

- Advertisement -

«Азаматтарға арналған үкіметтің» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес 713 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Осы жылдың қорытындысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1859287 мемлекеттік қызмет, соның ішінде 1125560-сы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы көрсетілген. Салыстырмалы түрде алар болсақ, өткен жылы ХҚКО арқылы 2096742, соның ішінде 52,6 пайызы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы көрсетілген. Яғни, мемлекеттік корпорация тарапынан азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша биылға өз бетінше қызмет алған азаматтардың саны 11 пайызға өскен.

Филиал тарапынан бұл көрсеткішке жету мақсатында уәкілетті органдармен бірлесе отырып, арнайы желілік кесте бекітіліп, халықтың көп шоғырланған жерлеріне, яғни сауда орталықтарына, базарларға, сонымен қатар мекемелерге шығулар арқылы қызметтерді электрондық нысанда алу бойынша облыс көлемінде 326297 азаматқа оқыту жұмыстары жүргізілді.Қазіргі таңда статистикалық есептілікке сәйкес, халық арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлері:

1. Мамандандырылған ХҚКО бағыты бойынша – 107076 қызмет, оның ішінде автокөлікті тіркеу бойынша – 71076, жүргізуші куәлігін беру – 35875, нөмірлердің телнұсқасын беру бойынша 947 қызмет көрсетілген.

2. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тіркеу бағыты бойынша – 106687, оның ішінде жылжымайтын мүліктерді тіркеу бағыты бойынша – 76525 қызмет, жерге орналастыру актілерін беру – 17774, техникалық төлқұжат даярлау – 12388.

3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 100368, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 50481 қызмет көрсетілген. 11 ай бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушылар саны 306 112 болса, төленген сома 150,2 миллиард теңгені құрап отыр. Мемлекеттік корпорация тарапынан әлеуметтік жағынан осал топтарға да көңіл бөлінуде.

Атап айтсақ, 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 70 жастан асқан егде адамдарға үйлеріне барып қызмет көрсету мақсатында «Help desk» бағдарламасы жасалды.

Биыл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жалпы саны 1351 шығу жүзеге асырылып, 1213 қызмет көрсетілді.Шалғай орналасқан елді мекендерде мемлекеттік қызмет көрсету үшін Жамбыл және Қордай аудандарында «Мобильді ХҚКО» жобасы іске асырылуда. Жыл бойына «Жылжымалы халыққа қызмет көрсету бойынша мобильді топ» аудандық ауыл-аймақтарға жалпы 635 шығулар жүзеге асырып, 10304 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін қызметтер үшін құжаттарды жеткізіп беру сервисі қосылды. Дайын құжатты азаматқа смс түрінде келген сілтеме арқылы өтіп, Тараз қаласының барлық жеріне жеткізу үшін тапсырыс беруге болады. Бұған дейін мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде құжаттарды жеткізу сервисін жүзеге асырған болса, бүгінгі күнде «Яндекс жеткізу қызметімен» бірлесіп, халыққа қызметтің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілі іске қосылды. Тұтынушыға express.gov4c.kz порталы арқылы дайын құжаттарды жеткізуді рәсімдеу ұсынысымен «1414»-тен SMS хабарлама келіп түседі.

Өтінімді рәсімдеу кезінде тұтынушы сауалнамалық деректерді толтырып, жеткізу мекенжайы мен телефонын көрсетуі қажет. Дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттар, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар бар. Бұл ретте жеткізу сервисіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.Жеткізу уақыты 15 минуттан 2 сағатқа дейін созылады.

Бұл уақыт көрсетілген мекенжайға байланысты, ал құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне, жолдағы кептелістерге, жол жүктемесіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Былтырдан бері іске асырылып келе жатқан жаңа сервистердің ішінен екінші деңгейлі банктердің, атап айтқанда, kaspi және halyq homebank мобильді қосымшалары арқылы автокөлікті қайта тіркеуді атауға болады.

Қазір автокөлік иелері автокөлікті eGov.kz порталы және Kaspi, homebank қосымшалары арқылы қайта тіркей алады. Биыл облыс бойынша мобильді қосымшалар арқылы 50276 автомобиль тіркелді, бұл көлікті қайта тіркеу бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы санының 47 пайызын құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 24,1 пайызды құраған еді. Бұл автокөлікті онлайн түрде тіркеушілер саны артып келе жатқанын аңғартады. Мұнымен қоса жүргізуші куәлігін ауыстыру процесі де жеңілдетілді.

Бүгінгі күнде электрондық үкімет порталы және Kaspi қосымшасы арқылы 5 минуттың ішінде өтініш тапсырып, 1 сағаттың ішінде мамандандырылған бөлімнен дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады. Көлікті сатып алу және ресімдеу кезінде әрбір азамат көлікке мемлекеттік нөмір алады. Өткен жылы облыс бойынша 438 автокөлік иесі «әдемі» нөмірлерге 113 миллион теңге жұмсаған.

Тұтынушы мамандандырылған бөлімде ұсынылған нөмірлерден таңдау жасап немесе «жоғары сұранысқа ие» нөмірлер қатарындағы сандар немесе әріптерді қолдана отырып, өз қалауындағы нөмірге тапсырыс бере алады. Көлік құралын сатқан жағдайда VIP-нөмірді өз атына қалдыру құқығы бар. Тек мамандандырылған бөлімге уақытша тапсыру керек. Қарапайым нөмірлік белгінің құны – 2,8 айлық есептік көрсеткіш немесе 8576 теңге. «Жоғары сұранысқа ие» нөмірлер құны 174591 теңгеден 872955 теңгеге дейін тұрады.«Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі ХҚКО арқылы көрсетіледі. Жылжымайтын мүлікті рәсімдеуді нотариустарға жүгінбей-ақ, тікелей ХҚКО арқылы жүзеге асыруға болады. ХҚКО мамандары сатып алу-сату шартын жасайды, мәміле жасайтын тұлғалардың қолдарының түпнұсқалығын, олардың құқықтық қабілеттілігін тексереді. Содан кейін жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Отбасы» банкімен бірлесіп жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлікті кепілге беру шартын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметке Blockchain технологиясын енгізді. Осы жылы облыста 878 келісімшарт тіркелді. Blockchain жүйесі – бұл үшінші тұлғаларға деректерді беру мүмкіндігін толығымен жоққа шығаратын блоктардың техникалық құрастырылған тізбегі.

Бұл жіберілетін деректердің толық сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Kaspi және halyq homebank қосымшасында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтамаларды 1 минуттың ішінде алуға болады. Және азаматтар «Цифрлық құжаттар» қызметін көре алады. Цифрлық құжаттар – eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау сервисі. Сервис азаматқа, оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ цифрлық құжаттар офлайн режимінде қолжетімді. Қазіргі таңда төлқұжат, жеке куәлік, неке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін, аты-жөнін, әкесінің есімін өзгерту туралы куәлікті, неке бұзу куәлігін, электрондық техникалық төлқұжатты, жүргізуші куәлігін, ковид-19 үшін ПТР сынағының нәтижелерін, дипломды, студенттік билетті, қандас, зейнеткер куәліктерін, бірыңғай әлеуметтік құжатты цифрлық түрде пайдалануға болады.

 

Батырхан ТОҚТАҒҰЛ,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиал директоры.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support