- Advertisement -

Сыбайластықпен күрес – берекелі қоғамның бастауы

89

- Advertisement -

Қоғамда жемқорлық дертімен күресу күн тәртібінен түспеуі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында бұл мәселе айтылды. Шын мәнінде әділетті мемлекет болғанда ғана біртұтас ұлтты ұлы мақсаттарға ұйымдастыратын берекелі қоғам қалыптасатыны сөзсіз.

Осыған орай, «Amanat» партиясы Шу аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Тұрсынбай Халық кеңес мүшелерімен жиын өткізді. Оған аудан әкімдігі бөлімінің басшылары және аудан тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің басшылары қатысты. Аталған кеңес мүшелерінің құрамында Никон Ким, Талғат Көкпанбаев, Аида Бекмурзина, Сара Мамедахунова, Махаббат Сұлтанова, Ләйла Жүнісәлиева сияқты іскер азаматтар бар.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын бүге-шігесіне дейін оқып шықтым. Президент «Қазір Үкіметтің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтардың табысындағы алшақтықты азайту және еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу. Бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз» деген болатын. Бұған қоса жемқорлық жайын да назарынан тыс қалдырмай, басты басым бағытты қоғамдық дертпен күресу жолдарына арнады. Жолдауында «Бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды» деп атап өтті Мемлекет басшысы. Менің назарымды аударған тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру. Жасыратыны жоқ, мемлекетке қомақты сомада салық өтемеген мекемелер де бар. Президентіміз осыған орай «Салық төлеушілердің салықтан жалтаруға құмарлығын азайту үшін арнайы салық режімдерін жеңілдету керек» деп атап өтті. Бұл – қуантарлық жай. Әйтсе де осыған дейінгі салық берешегін өтеу міндетті», – деді өз сөзінде Тұрсынбай Нұрғалиұлы.

Сондай-ақ әр бөлім, әр мекеме басшыларын мұқият тыңдап, олармен бірлесе қызмет етуге әр кезде дайын екендігін айтып өтті. Аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Қуат Райымбеков білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Өзінің баяндамасында аудандағы 11 білім беру мекемесі газбен жылытуға қосылғанын атап өтті. Өз кезегінде кеңес мүшелері де толғандырған сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды. Кеңес мүшесі Талғат Көкпанбетов «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп келе жатқанымызға ұзақ жылдар өтті. Енді жалпақшешейлікті мүлдем қою керек. Жазалы адам жазасын алуы керек. Жемқорлық фактісі терең әшкереленуі тиіс. Басқа-басқа бұл тұрғыда ешкімге, ешқашан аяушылық болмауы тиіс. Сонда жұмысымыз алға басып, жемқорлық тыйылады», – деді. Жалпы, жиын барысында көптеген мәселелер қозғалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізу жайы да сөз болды.

 

Айғаным АСҚАРБЕК,

журналист.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support