- Advertisement -

Тағзым ету – тектіліктің белгісі

94

- Advertisement -

Ашығын айтқанда, кез келген ел үшін оның тәуелсіздігінен бағалы ештеңе жоқ. Біз осы тәуелсіздікке жанкешті еңбекпен, жан алысып, жан беріскен ерлікпен жеткенімізді ұмытпауымыз керек.

Еліміздің тарихындағы жүздеген жорықтар, мыңдаған майдандар, осының барлығы азаттық үшін болды. Ұлт болып қалыптасу кезеңінен бері аңсап жеткен тәуелсіздігіміз – Отанымыздың жүрегі, болашағымыздың бойтұмары. Ал осыдан бір жыл бұрын сол баға жетпес құндылығымыздан айырылып қала жаздадық.

Берекеміздің тірегі – бірлік, ырысымыздың қорғаны – ынтымақ екені айдан анық ақиқат. Осы ретте қаңтар қақтығысы ел бірлігін сақтап қалу жолындағы ең үлкен сынақтың бірі болғаны жасырын емес. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қаймағы бұзылмаған қазақ даласының рухани алтын бесігі – Алматы қаласына жұмыс сапарымен арнайы барып, қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалын ашуы үлкен парасаттылық пен тағылымды іс болды. Себебі, мемориалдың кескіні, мазмұндық салмағы орасан. Өскелең ұрпақ үшін сол оқиғаларды қайталамау туралы үнемі еске салатын тағзым орнына айналарына сенемін. Онда бабалардың үміті, арман, мақсаты, аманаты, ертеңгі ұрпақты бейбітшілікке шақыруы секілді өнегелі өрнектер нақты бедерленген. Себебі өткенін білмеген, тарихты қайталайтыны анық.

Ал бұл ескерткіш әрдайым еліміздің тектілігін, Мемлекет басшысының сын сағатта елмен бірге болғанын, жұрт болып жұмыла білгенімізді және сол арқылы тәуелсіздігімізді сақтап қалғанымызды еске салатын болады. Сондықтан алдағы уақытта да Алаш даласында мұндай жағдайлар болмауын тілеймін.

Жұмахан ТӘҢКІБАЕВ,

облыстық мәслихат депутаты,

Талас ауданының

Құрметті азаматы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support