- Advertisement -

Адалдық сағаты Асанбай Асқаровқа арналды

318

- Advertisement -

Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай облыстың барлық білім беру мекемелерінде «Дара тұлға – Асанбай Асқаров» тақырыбында адалдық сағаты өтті. Онлайн форматында өткен адалдық сағатын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Ұлтына адал қызмет етіп, оның тарихын жасаған, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеп өсуіне зор үлес қосқан, дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жолында аянбай тер төгіп, әлемге атын шығарған абыройы асқақ азаматтардың бірегейі – Асанбай Асқаров. Адалдық сағаты барысында қоғам қайраткерінің еңбек жолы, қайыспас қайсар қара нар, тар кезеңде қабырғасын қақыратып сөксе де азаматтығына сын, арына мін түсірмеген өресі биік рухани тәлімгер тұлғалық қасиеті туралы айтылды.

Асанбай Асқаров – Алаштың алыбы, қазақтың арысы, ұлттың намысы, елдің ары мен абыройы еді. Қайталанбас біртуар дара, дана тұлға еді. Асанбай Асқаровтың осы бейнесі халқының есінде мәңгі сақтала бермек.

Асанбай өз сөзінде: «Ұлы болсаң жақсының, құлы болма нәпсінің. Нәпсіні тыя білу керек, оны билеп жеңген абзал. Әр адамның өзінің әділ соты болуы керек – ол оның ар-ұяты. Соны өлтіріп алмаңдар!» — деп өз өмір тәжірибесінен жастарға жол көрсетерлік ой қалдырған.

Адалдық сағатының ұйымдастырушылары ар мен намысты, адалдық пен әділдікті бәрінен жоғары қойған, туған елдің туын биік көтерген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің тұлғалық қасиетін, оның ой-өрісінің кеңдігін, ұлттық рухының биіктігін дәріптеуді мақсат тұтты.

Бейне-дәріс Департаменттің ресми сайтында және барлық білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support