- Advertisement -

Жамбылдық полицейлер құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізуде

157

- Advertisement -

Желтоқсан айының басынан бері полиция қызметкерлері 500-ден астам профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, колледж студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларын төбелес- жанжалдар шығармауға және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге бармауға, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін тұтынбауға шақыруда.

Құқықтық с ауаттылықты арттыру мақсатында полицейлер кәмелетке толмағандардың қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік шаралары қарастырылатынын жеткізді, сондай-ақ профилактикалық мазмұндағы бейнероликтерді көрсетті.

Ба ла ларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері көшедегі бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы және бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуге, егер ересектер үйде болмаса, тіпті Аяз ата есікті қағып тұрса да оларға есік ашпауға кеңес береді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен де түсіндіру жұмыстары өткізілді. Ересектерге балаларды жалғыз қалдырмауға, отшашуларды, петардаларды өз бетінше іске қосуға жол бермеуге және жарақат алмау үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануға шақырды.

– Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу қоғамның негізгі міндеті. Жас кезінен бастап балалардың өз жауапкершіліктерін түсінуі және құқықтық сауаттылығын арттыруы өте маңызды. Біздің мақсатымыз–балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер мен оларға қатысты жасалған құқықбұзушылықтардың алдын алу, – деп атап көрсетті облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әлішер Қалышев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support