- Advertisement -

Отанды қорғау – қасиетті борыш, киелі міндет

17

- Advertisement -

Тараз қаласындағы 36 орта мектептің оқушылары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери байланыс бөлімінде болды. Шара «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы мен облыстың білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылы аясында өтті.

Тоғызыншы сынып оқушылары әскери бөлімге келген алғашқы минуттардан бастап әскери қызметшілерге сап түзеп, алғашқы әскери дайындықтарын көрсетті. Әскери бөлім аумағында тәртіп сақталуы керектігі туралы әскерилердің қысқаша брифингінен кейін оқушылар өткізу пунктінен достық құраммен өтті.

Келісімшарт бойынша офицерлер мен әскери қызметшілер өздерінің жас қонақтарына қарым-қатынас құралдары мен әдістері туралы, сондай-ақ байланыс ақпараттарды қабылдау, жинау, өңдеу және беру тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп оқушылары сонымен қатар телефон, телеграф, факсимильдік байланыстардан басқа радиобайланыс, радиорелелік, спутниктік, тропосфералық байланыстармен де жан-жақты танысты.

– Бүгін біз балаларға байланыс құралдары мен жабдықтарын, қару-жарақ, әскери техниканы көрсетіп қана қоймай, қолмен ұстап, көзбен көруге мүмкіндік бердік. Біз олардың көздеріндегі ұшқынды көрдік. Бұл оларда зор қызығушылықтың бар екенін білдіреді. Бұл жігіттер ертеңгі Отанымыздың қорғаушылары, біздің орнымызға келетін жас ұрпақ, – дейді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Алтай Ташкеев.

Мектеп оқушыларының әскери қызметкерлермен кездесуі мазмұнды болды. Оқушылар өздері үшін көптеген қызықты мәліметтерді білді. Бұл болашақ мамандықты дұрыс таңдауда да аса маңызды.

– Әскери бөлімде өте қызық болды. Біз мұнда көптеген жаңа нәрселерді білдік. Бұрын кинодан ғана көретін қару-жарақ, техника, әскери көліктермен шын өмірде таныстық. Әскери қызметшілер бізге бәрін егжей-тегжейлі, қызықты етіп айтып, түсіндірді. Үлкен әсер алдық. Болашақта мен де осындағы ағаларымыз секілді Отанымызды адал қорғағымыз келеді, – деді №36 орта мектептің 9-сынып оқушылары.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің әскери қызметшілері биылғы жылды Мемлекет басшысының Балалар жылы деп жариялағанын, сол себепті мектеп оқушылары үшін өз әскери бөлімдерінің есігін айқара ашқанын айрықша атап өтті. Ал Тараз гарнизонының байланыс бөлімшесінде мектеп оқушыларын әскермен, әскери қызметпен таныстыруға шақыру, сол арқылы әскери-патриоттық тәрбие беру ежелден жақсы дәстүрге айналған.

 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

Тараз гарнизонының баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support