- Advertisement -

Теория білімді, тәжірибе біліктілікті шыңдайды

136

- Advertisement -

Күз айында Қарулы Күштер қатарына шақырылған жас сарбаздар мамандық дайындау аясында теориялық сабақтарды оқуда. Сонымен қатар әскерде, оның ішінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында жаңа оқу-жаттығу кезеңі басталды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5-механикаландырылған бригаданың зениттік батальонының сарбаздары да жыл бойына жұмыс істейтін қару-жарақтарды зерделеуге кірісті. Қарулы Күштердегі жауынгерлік даярлық бағдарламасы жазғы және қысқы екі оқу кезеңін қамтиды. Себебі жасақтарға жылына екі рет жас сарбаздар келіп түседі, олар әуел бастан дайындықты қажет етеді. Ал әр кезең әрбір сарбаздың жеке-жеке дайындығынан басталады. Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригаданың зенитшілері оқу-жаттығуды техникалық дайындықтан бастады.

Әскери салада негізінен мұғалімдер болып саналатын офицерлер бар. Өз уақытында жоғары әскери оқу орындарында білім алған олар әдістемелік материалдарды дайындау ережелерімен жақсы таныс. Офицерлердің көмекшілері, сондай-ақ оқу үдерісінің нұсқаушылары ретінде қызмет өткерген жылдары өз мамандықтарын жақсы игерген. Жас сарбаздарға оқу тақырыптарын қолжетімді түрде жеткізе алатын келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер де әрекет етеді.

– Теориялық сабақтардың негізгі мақсаты – кезекті шақырылымдағы әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлық курсына енгізу, оларды зениттік дивизияда қызмет ететін негізгі техникалық құралдармен таныстыру. Оқу-жаттығу барысында зенитшілер зениттік-зымырандық кешендерді, олардың жауынгерлік мүмкіндіктерін, оларды дұрыс пайдалану және тасымалдау негіздерімен танысады, – деп түсіндірді бөлім командирі, зениттік дивизия подполковнигі Евгений Хома.

Зениттік дивизияның взвод командирлері, аға лейтенант Данияр Нұрахметов пен лейтенант Әли Көкенай оқу-жаттығуға шығармашылықпен келді. Зениттік-зымырандық кешендердің қолданылу аясын және олардың жауынгерлік мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсету үшін офицерлер бейнероликтер дайындады. Сол арқылы сарбаздар өздерінің болашақ әскери мамандықтары туралы толық мағлұмат алды. Ал бейнероликте зениттік-зымырандық кешендердің егжей-тегжейлі көрсетілімі, зениттік экипаждардың әрекеттері толығымен қамтылған.

– Әскерге шақырар алдында мен тек пулеметтен атуды ғана оқимын деп ойлайтынмын. Бірақ ол әлдеқайда салмақты болып шықты. Мен зениттік өздігінен жүретін зеңбіректің аға операторы боламын. Өз басым зеңбіректеріміздің құрылымын мұқият зерделеуге бел будым, өйткені содан кейін мен онымен полигонда жұмыс істеймін, – дейді ақтөбелік Әділ Ерболатов.

Әскерилер практикалық жаттығуларды зениттік дивизияның жеке құрамы толық құрамда полигонға шыққанда, ал бір айдың ішінде әскери қызметшілер білімдерін шыңдап, шеберліктерін қалыптастырады.

– Біз полигонға барып, практикалық жаттығу барысында жан-жақты шыңдаламыз. Бірақ біз алдымен теориялық материалды, мылтықтардың тактикалық және техникалық сипаттамаларын меңгеру керектігін түсінеміз. Теориясыз практика болмайтыны айтпасақ та түсінікті, – дейді Қарағанды қаласынан шақырылған, зениттік-зымырандық батареяның зениттік атқышы Санжар Әбдіғалиев.

Жас сарбаздардың практикалық жаттығуларды тезірек бастауға деген құлшынысы зениттік-зымырандық кешендердің жұмысы туралы бейнероликтерді көру арқылы ғана емес, сонымен қатар офицерлердің зениттік дивизияның жетістіктері туралы деректерінің арқасында да күшейді. Биыл күзде өткен далалық оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша 5-механикаландырылған бригаданың зениттік дивизиясы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты зениттік бөлімшелер арасында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ 2022 жылға арналған жауынгерлік дайындық қорытындысы бойынша да бірінші орын дивизияға тиесілі. Енді жас зенитшілер өз дивизиясының жаңа жеңістеріне қосқан үлестерін мақтан ету үшін практикалық жұмысқа кірісуге ниетті.

 

Дина МУХАРИНОВА,

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support