- Advertisement -

«QADAM. FM» – аудандағы алғашқы радио

112

- Advertisement -

Орталық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және Райхан Дүйсеннің ұйытқы болуымен ашылған. Жас маман оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, жан-жақты ойлау қабілетін дамытуды қалайды. Міне, сол мақсатта туған тың идеяны Райхан Құралбайқызы үлкен ізденісінің арқасында жүзеге асырған. Жас мұғалім елімізге белгілі мамандардан білім алғанының арқасында түрлі оқуларды аяқтап, бірнеше сертификаттың иесі болған.

Өткен жылы №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке жұмысқа орналасып, бүгінде оқушыларды шығармашылыққа бейімдеуде. «Qadam» шағын орталығы алғашында мектепішілік газет болып ашылған. Өзіндік арнайы сайты бар. Айына бір мәрте шығатын мектеп газеті әр сыныптарға таратыла бастайды. Бұл жұмыстарға оқушылар қызығушылықпен атсалысады. Онда түрлі сұхбаттар мен жаңалықтар және қызықты ақпараттар жарияланып тұрады. Болашақта тілшілік пен тіл мамандығына қызыққан оқушыларға бұл жұмыстар таптырмас мүмкіндік екені рас. Олар осы бастама арқылы көп ізденіп, армандарының алғашқы қадамдарын аттағанына қуанышты.

– Біздің «Qadаm» атауын алғанымыздың да өзіндік себебі бар. Өйткені оқушылар армандарына қадам басуда. Бүгінде оқушылардың ізденістері көңіл қуантады. Өз ойларын ортаға салып, жұмысымыз алға басып келеді. Мектеп басшылығы да бастамамызды қолдап, әрдайым қолдау көрсетуде, – дейді Райхан Дүйсен.

Аудан жаңалықтарын дер кезінде жеткізіп отыратын жас тілшілер ауылдың ардақты азаматтарымен кездесіп, олардың жеткен жетістіктерімен бөліседі. Мектеп газетінің редакторы мен тілшілік қызметтерді де оқушылар атқаруда. Осылайша оқушылардың қызығушылығының арқасында «Qadam» газеті бүгінде мектепішілік медиа орталыққа айналуда. Енді №23 Т.Рысқұлов мектебінде «Qadam. FM» радиосы жұмыс істейді. Радио оқушылар үшін бес күн бойы қызмет атқарады. Әр күннің өзіндік күнделігі мен кезекші редакторы бекітілген.

Мәселен, дүйсенбі күнгі ұзақ қоңырауда тарих жайлы ақпараттар беріледі. Яғни оқушылар ауыл тарихы және аудан, қала берді еліміздің тарихын тыңдайды. Ал сейсенбі күні «Дәл осы дата» айдары өткізіледі. Сәрсенбі ұлы Абайдың шығармашылығына арналса, бейсенбінің ұзақ қоңырауы тіл турасында, ал жұма оқушылар үшін логикалық сұрақтар қойылып, жауабын тапқандар арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Сондай-ақ белгілі жандармен сұхбаттар жүргізіліп, құттықтаулар айтылады. Бұл жұмыстардың барлығын оқушылар өздері жүргізеді. Алдын ала іріктеу өтіп, оған қызығушылық танытқандар қатысып, бүгінде өз қызметтерін мінсіз атқарып келеді. Мектепішілік медиа орталықтың өзінің кабинеті бар. Кабинет керекті жабдықтардың барлығымен қамтылған. Арнайы безендіру жұмыстары жүргізіліп, өзіндік логотипін де ойлап тапқан. Мектеп әкімшілігі де қолдау көрсетіп келеді.

– Өзге өңірлердегі құрбыларыммен тәжірибе алмасып отырамын. Соның арқасында қолға алған бұл дүние оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де көңілінен шыға білді. Арнайы құрал- жабдықтары сатып алынып, бүгінде радио тұрақты жұмыс істеуде, – дейді жас мұғалім Райхан Құралбайқызы.

Мектеп ішіндегі кең дәлізде арнайы дыбыс күшейткіштер орналасқан. Ал орталықтың кабинетінде оны іске асырып отыратын құрылғы бар. Жас тілшілер болса жинақтаған материалдарын алдын ала сүзгіден өткізіп, қоңырауға дейін даярлап қояды. Болашақ мамандардың аяқ алысын Райхан өзі бақылап отырады және тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалайды. «Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Бос уақытымызды тиімді пайдаланатын болдық», дейді ат а лмыш мектеп оқушылары. Осылайша мектепішілік медиа орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, оқушыларының болашақта білімді маман боларына сенім білдіріп қайттық.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support