- Advertisement -

Сөз мергендері сынға түсті

50

- Advertisement -

Әдетте олимпиада, байқау, жарыс сынды дүниелерге оқушылар қатысады. Ал қатысушы рөлінде бақтарын ұстаздар сынаса ше?

Облыс әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған I облыстық «Сөз мергені» топтық пән олимпиадасы өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің теориялық білімін анықтап, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс- шараға кемінде 5 жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар пән мұғалімдері қатысты.

Облыстық топтық пән олимпиадасы «Тапқыр болсаң тауып көр», «Кім жылдам?», «Әдебиет танытқыш», «Тіл – құрал» атты төрт кезеңнен құралды. Жүзге жуық педагог қатысқан олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыстың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі педагогтар мен кәсіби шығармашылық конкурстарының жеңімпаздарынан құралған сараптау комиссиясы анықтады.

Нәтижесінде бас жүлдені Тараз қаласының, І орын Т.Рысқұлов ауданының, ІІ орын Жамбыл, Қордай, Сарысу аудандарының мұғалімдері және ІІІ орынды Байзақ, Жуалы, Меркі, Талас аудандарының педагогтары иеленді.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support