Жамбылда не жаңалық?

Медициналық ақпараттық жүйені жетілдіру – маңызды міндет

Медициналық ақпараттық жүйені жетілдіру – маңызды міндет

Талас ауданында 43 628 тұрғын бар болса, оның ішінде 26 742-сі ересектер, балалар – 14 777, қалғаны жасөспірімдер. Оның ішінде фертильді жастағы әйелдер-саны – 8 633 ( РПН бойынша). Дертке душар болған аудан тұрғындарына медициналық емдеу, аурудың алдын алу көмегі аудандық орталық ауруханасындағы 215 төсек қорымен, оның ішінде 130 тәуліктік төсегімен, 30 төсектік ауруханаішілік күндізгі стационар арқылы көрсетіледі. Емхана бойынша күндізгі стационар 55 төсек-орнымен, БМҚК аусымына 620 қабылдау қуатымен, 9-дәрігерлік амбулатория, 4-ФАП, 13-МП қызмет көрсетеді. Аудандық емхана ауысымына 250 қабылдау әлеуетімен жаңа типтік үлгіде салынған. Ол 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Ауылдық округтердегі амбулаториялар мен фельдшерлік акушерлік пункт, медициналық пункт телефон нүктесімен толығымен қамтылған, компьютер техникасымен жабдықталған және ғаламторға толығымен қосылған. Жалпы аудандық аурухананың медициналық құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі 2022 жылы 93 пайызды құрапты. Оның ішінде аудандық орталық аурухана бойынша 99,45 пайыз, ал акушер-гинекологиялық бөлімі 100 пайыз жабдықталған. Сол секілді аудандық емхана – 90,37, ауылдық дәрiгерлiк амбулаториялар – 86,24, фельдшерлiк-акушерлiк пункттер 81,44 пайыз медициналық құрал-жабдықпен қамтылған. Қазіргі таңда аудандық орталық ауруханаға қарасты мекемелерде 838 адам қызмет атқарады. Оның ішінде дәрігерлер саны – 92. Дәрігерлердің жоғарғы санаттысы 22 болса, бірінші санаттағылар – 18, қалғаны екінші санатты. Барлығы 454 мейірбике жұмыс істейді. Оның ішінде: жоғарғы санаттысы 113 болса, бірінші санатты – 13, екінші санаттағы мейірбикелер саны – 3. Ал кіші буын қызметкерлер мен жұмысшылар саны 128 болса, 164 адам басқа қызмет санатындағылар. – Осы жылдың 11 айында республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 1 887 652,5 мың теңгені құрады. Оның ішінде игерілгені – 1 870 343,2 мың теңге. Облыстық бюджет есебінен медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында бөлінген 48 124,8 мың теңге толығымен игерілді. Сонымен қатар 2021 жылдың қаржыландыру сомасынан қалған 30 пайыз көлемінде түскен қаражат 128 523,1 мың теңгені құрап отыр. Ол қаржы бүгінде 100 пайыз игерілді. Ауданда туу қабілеті жасындағы әйелдердің саны – 8 633, оның ішінде ЭГЗ-мен –1 339 әйел, абсолютті тууға болмайтын әйелдердің саны – 40. Олар толық 100 пайыз контрацепциямен қамтылған. Жүкті әйелдерді бақылау емханадағы жүкті әйелдердің регистрі арқылы іске асырылады. Талас ауданында жалпы есепте тұрған жүкті әйелдердің саны – 439, оның ішінде абсолютті тууға болмайтын жүкті әйелдер жоқ. Дәрігерлер мен акушерлерді оқыту кесте бойынша толық игерілді. Босанған әйелдердің бәрі толық флюрографиялық тексеруден өтеді. Аудандық емханада отбасын жоспарлау бөлмесі жұмыс атқарады. Аудандық түберкулезге қарсы диспансері 2016 жылдан бастап облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы бойынша Талас аудандық орталық аурухананың құрамына фтизиатри́ялық бөлімше болып кіргізілді. Фтизиатри́ялық бөлімше бұрынғы 2 қабатты Қазхиммонтаж ғимаратында орналасқан. Ал 2-қабатында туберкулезбен ауыратындарды емдеуге арналған күндізгі стационар орналасқан. 2022 жылдың 11 айында өкпе ауруына шалдыққандар арасында өлім тіркелген жоқ. 2022 жылдың 10 айында жалпы «Д» есепте тұрған науқастар саны 27-ні құрады. Бұл көрсеткіш алғашқы анықталған аурушаңдық. Өткен жылдың 11-айында алғаш анықталғаны барлығы – 17. Былтырғы 11 айда 1 өлім тіркелген болатын. Аудандық емханада онкологиялық және маммологиялық кабинеттер жұмыс атқарады. Биылғы 11 айда алғаш қойылған диагнозбен «Д» есепке 5 науқас алынды. Онкологиялық аурулардан 2022 жылдың 11 айында 31 адам қайтыс болды. «Д» есебінде тұрған науқастардың жалпы саны – 284. 2021 жылдың 11 айында алғаш қойылған диагнозбен «Д» есепке 51 науқас алынған болатын. Онкологиялық аурулар салдарынан 2021 жылдың 11 айында 26 адам өмірден озды. Өткен жылдың 11 айында онкологиялық аурулармен «Д» есепте тұрған науқастардың жалпы саны 265-ті құраған еді – дейді Талас аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев. Емхана меңгерушісі Гүлнар Каленованың сөзіне сүйенсек, осы жылдың есепті мерзімінде қантамыр жүйесі бойынша аурушаңдық 1 106 адамды құрап, 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 2016,7-іні құраған. Оның ішінде жүректің инфаркт миокардасымен 17 адам науқастанса (1,7 пайыз), 325 тұрғында қан қысымы бар екені анықталған. Жүректің ишемиялық ауруымен анықталғандар – 135. Тромболизистік терапия жайына келсек, 2022 жылдың 11 айында 8 науқасқа тромболизистік терапия жүргізіліп, Тараз қаласының кардиохирургия орталығына жіберіпті. Алдағы жылы Талас ауданында ана және бала денсаулығын қорғау, жіті миокард инфаркті мен инсультті басқарудың, жарақат барысында көмек көрсету, онкологиялық ауруларды басқарудың ықпалдастырылған үлгілерін енгізу бойынша Жол карталарында көрсетілген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету көзделіпті. Туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсарту да басты мақсаттың бірі. Енгізілген медициналық ақпараттық жүйені жетілдіру де кезек күттірмейтін мәселе көрінеді. Алдағы жылы ауданда індетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша жұмыстар жалғасын таппақ. Азаматтардың шағымдарын болдырмау, сала қызметкерлерінің этика және деонтология ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ету де басты назарда. Сонымен қатар аудандық орталық аурухана бойынша төсек қорын оңтайландыру ісі де жүйелі жүргізілмек.  

 Нұрым СЫРҒАБАЕВ,

журналист.

Талас ауданы.