Әлдихан Қалдыбаевтың жаңа жинағы
Әлдихан Қалдыбаевтың жаңа жинағы
Әдебиетсүйер оқырман үшін тағы бір үлкен қуаныш. Ол – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жерлесіміз Әлдихан Қалдыбаевтың сүйінші жаңалығы. Алматыдағы «Таймас» баспасынан автордың жаңа шығармалар жинағы жарық көрді. Жазушының балалар мен жастарға арналған бұл жиырма бірінші кітабына оның әр жылдары жазылған «Мен – апамның баласымын» романы, «Шаншар атай», «Сағындым сені, інім», «Солдат болу оңай ма?» атты хикаяттары енген. Аузы уәлі Шерағаң – Шерхан Мұртаза «Қазіргі балалар әдебиетінің классигі» деп баға берген Әлдихан Қалдыбаевтың бұл жинағын көзі қарақты жас пен кәрінің қызыға оқитыны анық.
«Ақ жол-Ақпарат».