- Advertisement -

Шаруалар Түркістаннан мал әкелуге келісті

33

- Advertisement -

Жуырда Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов Түркістан облысындағы Сайрам және Төле би ауданына жұмыс сапарымен барды. Негізгі мақсат – «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасына көрші аймақтардан төрт түлік әкелу, ірі шаруа қожалықтарының тәжрибесімен бөлісу болатын. Аудан әкімінің орынбасары өзімен бірге қанатқақты жобаға өтінім білдірген Қаракемер ауылдық округінің шаруаларын ертіп барды. Жеңілдетілген несие арқылы кәсібін ашып немесе төрт-түліктің санын көбейтуге ниет білдірген қаракемерліктер киелі өңірдегі ірі қара, уақ малдың, жылқылардың жай-күйін, бордақылау, целекциялық тәсілдерін меңгеріп, ақыл-кеңестерін сұрады. Бұл сапардың маңыздылығы туралы Ербол Жұмабекұлы:

– Биыл пилоттық жоба бойынша үшінші ауылдық округ – Қаракемер ауылы енгізілгені белгілі. Бүгінгі сапарымыз тың жаңалықтарға толы болды. Шаруалар төрт түлік туралы көршілес облыстың тәжрибесімен бөлісті. Оның үстіне осы күнге дейін жоба бойынша сатып алынған малдардың барлығы облысымыздың әр аудандарынан алынды. Бұл өз кезегінде облыстағы мал басы санының көбеюіне үлес қосып отырған жоқ. Сондықтан басқа аймақтың түлігін өзімізге әкелу ауданымыздағы ғана емес, облыстағы мал басының көбеюіне септігін тигізеді деп ойлаймын, – дейді.

Әрине, аудан әкімі орынбасарының тұжырымы көңілге қонымды. Шаруаларда екі аймақтың түліктерін салыстырып, ойдағы сауалдарына жауаптар алды.

Жалпы қанатқақты жоба бойынша аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Лаурат Амановтың айтуынша, Қаракемер ауылдық округіндегі 450 аулада 2 641 тұрғын бар. Оның ішінде Қаракемер ауылындағы 296 аулада 1 785 тұрғын, Құмтиын ауылындағы 138 аулада 796 тұрғын, Сеңгірбай ауылындағы 16 аулада 87 тұрғын тұрады.

– Жоба бойынша 164 аулаға 575 миллион 336 мың теңге жоспарланған. Бүгінгі күнде 121 құжат «Тараз» ӘКК» АҚ-ға тапсырылған. Құжаттарды рәсімдеу жалғасуда. Жобаның алғашқы бағыты – үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 450 ауланың 432 ауласы қамтылды. 18 ауланың үй іргесіндегі жерлерін игерудің тиімсіздігі анықталды. Айналымға қажет қаражат – 4 миллион 687 мың теңге. Сондай-ақ екі жылыжай салуға қаржы бөлінді. Екінші бағыт – малшаруашылығын тиімді пайдалануға 157 аулаға 2 970 бас мал алу үшін 368,5 миллион теңге қажеттілігі бар. Үшінші бағыт – тұрғындардың аула сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бойынша Құмтиын ауылында «Ырыс Н.Б.К» ауылшаруашылық кооперативі барлық саланы қамту бағытымен құрылды. Кооператив Қаракемер, Құмтиын және Сеңгірбай елді мекендерінің аумағындағы 65 шаруа қожалықтың 2 252 гектар жерін игереді. Оның ішінде 511 гектар суармалы егістік, 241 гектар шабындық, 1 500 гектар жайылым жер. Ауыл сыртындағы жерге 2023 жылдың өнімі үшін 535 гектарына арпа, 96 гектарына бидай, 24 гектарына жүгері, 97 гектарына жоңышқа дақылдарын орналастыру үшін айналым қаражатына 21,557 миллион теңге несие алу жоспарланған. Төртінші бағыт – кооперативтерді жабдықтау немесе құру бойынша «Ырыс Н.Б.К» ауылшаруашылық кооперативі ауыл сыртындағы алқапты тиімді пайдалану үшін 79 миллион 300 мың теңгеге «Тараз» микроқаржылық ұйымы арқылы 10 ауылшаруашылық техникасын алуға өтінім берді. Соңғы бағыт – тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларын қаржыландыруға берілетін 15,2 миллион теңгеге 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде жем өңдеу цехы, наубайхана бар, – дейді Лаурат Темірғалиұлы.

 

 Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support