- Advertisement -

Білімді ұрпақ – ұлт болашағы

112

- Advertisement -

Облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған білім мекемелерінде баспасөз туры өтті.

Баспасөз турының алғашқы қадамы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайынан бастау алды.
Оқушылар сарайында бүгінде 90 үйірме бар. Домбыраның күмбірлеген үнінен күй төгіліп тұр. 648 топтағы 7257 тәрбиеленушілерге 165 педагог түрлі бағыттарда қосымша білім бере отырып, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып отыр.

Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, сәндік қолданбалы өнер, спорттық және әлеуметтік- педагогикалық бағыттарда жұмыс істейтін мекеме қазақ және орыс тілінде де білім береді.

БАҚ өкілдері оқушылар ойнаған домбыраның шанағынан төгілген күйдің куәсі болды. Құрманғазы, Динаның кешеден бүгінге жалғаған өнерін төгілте шерткен домбырашылар «Өрлеу» ән-сазды студиясының қатысушылары екен.

– Біздің студияда 200-ден аса бала қамтылған. Үйірмеге қатысушылар домбыра, қобыз, баян,
аккордеон, жетіген, шертер сынды аспаптарда ойнап үйренеді. Мұнда оқу мерзімі 5-6 жыл көлемінде. Көптеген оқушылар осы студияға қатысып қаламыздағы, сонымен қатар облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүр. Жуырда ғана қаламызда өткен байқауда біздің оқушылар бас жүлде иеленсе, Түркістан қаласында өткен сайыста ансамбль 1 орын алды, – деді «Өрлеу» ән-сазды студиясының меңгерушісі және де дәстүрлі ән-терме класының қосымша білім беру педагогы Ақерке Қырықбаева.

Одан кейінгі бағыт Тараз сервис және технология колледжі болды. Мұнда 853 студентке 79 педагог білім береді. Колледж директоры Бекбол Маймышевтың айтуынша, мұнда жастарды 7 мамандық бойынша даярлайды. «Декаративті-қолданбалы өнер және халықтық қолөнер», «Шаштараз» өнері, «Тамақтануды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету», «Жөндеу және пайдалану», «Қонақүй бизнесі» мамандықтары бойынша студенттер білім алады. Дуалды оқыту бойынша 4 мамандықта 340 студент қамтылған және 79 кәсіпорынмен келісімшарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Ал мамандандырылған «Дарын» лицей- интернаты 2001 жылы ашылыпты. Лицей- интернат жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша білім береді. Мұнда 17 сыныпта 352 оқушы білім алады.
Білім мекемесінде 69 педагог қызмет етеді. Мекемеде 39 оқу сыныбы, 130 орындық асхана, спорт зал, 100 орындық мәжіліс залы, кітапхана, 7 жаңа модификациялы оқу сыныптары, 3 мультимедиалы оқу сыныбы, 2 компьютерлік сынып, 1 робототехника кабинеті, 4 лаборатория, 1 «stem» кабинеті бар.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support