- Advertisement -

Жемісті жоба аясында 9,2 миллиард теңге игерілген

131

- Advertisement -

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жөніндегі жобаның алғашқы кезеңінде қосымша 2 282 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылғаны туралы сөз болды. Жиында әуелі аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, жобаның бірінші кезеңінде қол жеткізген нәтижелерге тоқталды. Нұржан Молдиярұлы өз сөзінде облыс аумағындағы 11 ауылдық округтегі 25 елді мекен, яғни 7 856 отбасы жобаның бірінші кезеңінде қамтылғанын, осылайша 9,2 миллиард теңге игерілгенін атап өтті.

– Жоба барысында қатысушылар үй іргесіндегі жер телімдерін тиімді игеруде. Мал шаруашылығын дамыту бағытында несие алған 2 454 тұрғын 45 032 мал сатып алды. Ал ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бағытында құрылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативтері 10 113 гектар алқапты 228 шаруа қожалықпен бірлесе игерді. Бұл кооперативтерге 190 ауыл шаруашылығы техникасы лизинг жүйесімен берілді. Бүгінде өңірімізде ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу бағытында 11 жоба сәтті жүзеге асырылуда, – деді Нұржан Нұржігітов.

Жоба аясында қосымша 2 282 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылып, 589 жаңа жұмыс орны құрылған. Өз кезегінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 65 пайызға кеміген. Сондай-ақ қатысушылардың орташа айлық табысы 42 мыңнан 73 мың теңгеге немесе 65 пайызға арта түскен. Бұдан бөлек, жобаның жалғасы ретінде өткен жылы қайтарылған 3,1 миллиард теңге несие қаражаты есебінен Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарынан 3 ауылдық округ қанатқақты жобаға еніп, 253 жоба іске қосылған. Ал ағымдағы жылы облыстың тағы 10 ауылдық округінде жоба аясындағы жұмыстар басталып, келер жылы 22 ауылдық округті қамтужоспарлануда. Осылайша, 2025 жылға дейін облыстағы барлық ауылдық округ жобаға енеді деп көзделуде.

Басқосуда вице-премьер Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тұрғындардың табысын арттыру әрі ауылдықтардың тұрмысын жақсартуға байланысты берген тапсырмасын жүзеге асыруда бұл жобаның маңызды екенін жеткізді.

Алтай Сейдірұлы Әулиеата өңірінде жемісті жүзеге асқанжобаныөзгеоблыстардада кеңінен қанат жаю мақсатында қолға алынған жұмыс барысымен мұқият танысып, бұл істе жүйелілік алғашқы орында тұруы қажеттігін баса айтты.

Айта кетейік, Үкімет басшысының орынбасары жемісті жобаның жұмысымен танысу мақсатында жақын арада өңірімізге арнайы атбасын бұруды жоспарлап отыр.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support