Құқық

Жол ережесін бұзғандар жауапкершіліктен жалтармайды

Жол ережесін бұзғандар жауапкершіліктен жалтармайды

Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала аумағында жол ережесін өрескел бұзған бірнеше көлік жүргізушісін құрықтады. Тәртіпке бағынғысы келмегендер жол қозғалысы ережелерін бұзып, өздерінің заңсыз әрекеттерін бейнежазбаға түсіру кезінде тоқтатылды.

Күдіктіні тінту барысында оның күртесінің ішкі қалтасынан салмағы 384,05 грамм «гашиш» есірткі заты бар оралған 5 полиэтилен табылды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласында орналасқан темір шкафта салмағы 616,47 грамм «гашиш» есірткі заты бар 8 бума табылды. Ұсталған адам кінәсін толық мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер оның осы қылмысты жасағаны дәлелденсе, сот үкімімен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. – Тәркіленген «гашиш» есірткі құралының жалпы салмағы – 1 келі 52 грамм. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев. Нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігімен жол ережесін бұзғаны (жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) үшін «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша «Lada 21154» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылды. Дәл осындай маркалы автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігімен (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды. Автокөлік иелеріне барлығы 76 мың 575 теңге көлемінде айыппұл салынды.  

 Есен ӨТЕУЛІ