- Advertisement -

59 борышкердің автокөлігі тұраққа қойылды

174

- Advertisement -

Облыс аумағында «Борышкер-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты– әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және мәжбүрлеп іс жүргізу қозғалған адамдарды толық қамту. Бұл күндері полиция және прокуратура қызметкерлері, өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы мен БАҚ өкілдері бірлесіп, облыс жолдарында борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізді.

– Профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінің нәтижелері бойынша өндіріп алынған қаржы көлемі 7 миллион 737 мың теңгені құрады. 437 борышкердің мекенжайын аралау жүзеге асырылды. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес, мамандандырылған тұраққа 59 борышкердің автокөлігі қойылды, – деді облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев.

Айта кетейік, әкімшілік айыппұл салынған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 811- бабына сәйкес, кез келген азамат жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқылы. Ал бұл мерзім өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық төленеді. Бастысы, әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуге тиіс.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support