59 борышкердің автокөлігі тұраққа қойылды
59 борышкердің автокөлігі тұраққа қойылды
– Профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінің нәтижелері бойынша өндіріп алынған қаржы көлемі 7 миллион 737 мың теңгені құрады. 437 борышкердің мекенжайын аралау жүзеге асырылды. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес, мамандандырылған тұраққа 59 борышкердің автокөлігі қойылды, – деді облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев. Айта кетейік, әкімшілік айыппұл салынған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 811- бабына сәйкес, кез келген азамат жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқылы. Ал бұл мерзім өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық төленеді. Бастысы, әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуге тиіс.
Есен ӨТЕУЛІ