- Advertisement -

Есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

18

- Advertisement -

Облыстық полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Күдіктіні тінту барысында оның күртесінің ішкі қалтасынан салмағы 384,05 грамм «гашиш» есірткі заты бар оралған 5 полиэтилен табылды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласында орналасқан темір шкафта салмағы 616,47 грамм «гашиш» есірткі заты бар 8 бума табылды. Ұсталған адам кінәсін толық мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер оның осы қылмысты жасағаны дәлелденсе, сот үкімімен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Тәркіленген «гашиш» есірткі құралының жалпы салмағы – 1 келі 52 грамм. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support