- Advertisement -

Бағытыңнан адасып, бақытыңнан қол үзбе!

129

- Advertisement -

Әрбір адамның болашақта биіктен көрініп, толайым жетістіктерге жетуіне оның мектеп қабырғасында-ақ мамандықты дұрыс таңдауы өз әсерін тигізеді. Себебі, сәт сайын сүйікті ісімен шұғылданған жан ғана бір нәтижеге қол жеткізері анық. Олай болмаған күнде бағытыңнан адасып, бақытыңнан қол үзесің!

Бүгінде мектеп қабырғасындағы оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауы үшін түрлі сала мамандарымен кездесулер жиі ұйымдастырылады. Дәл осындай басқосуларда алдыңғы аға буын өкілдері ізбасарларына бағыт-бағдар беріп, жөн сілтейді. Шөлдала ауылындағы орта мектепте өткен жиынның мән-мазмұны осыған саяды.

Білім ошағына арнайы барған өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаев және мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты Әмина Масатбай бітіруші түлектердің қатысуымен өткен «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» атты кездесуде өз ойларын ортаға салды. Құқық қорғау саласының қос қызметкері өз жұмыстары жөнінде кеңінен айтып, ҚР Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы академия туралы ақпарат берді. Бақтияр Әлмаханұлы өз сөзінде мамандық таңдау – өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау екендігін атап өтті.

— Мамандық таңдау – өзің айналысқың келетін жұмысты ғана таңдау емес. Бұл – өзің араласқың келетін келетін ортаны таңдау. Сол себепті, бұл мәселеге атүсті қарамаған дұрыс. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен қарағанда ғана әр адам өзін бақытты сезінеді. Өз салаңызда үздік болу үшін қазірден қамданған жөн. Сіздерге сәттілік тілеймін, — деді Б.Оңбаев.

Кездесу соңында мектеп оқушылары аға-әпкелеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған нақты жауап алды. Ал ұстаздар қауымы қиындыққа толы қызметтен уақыт тауып келген ҚАЖ қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support