Басты жаңалық

Елизавета II өз тағын босатуы мүмкін

Елизавета II өз тағын босатуы мүмкін

Британ монархиясында тақ мұрагері ауысуы мүмкін. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары осылай деп дабыл қағуда.

Таяуда Елизавета II-нің өміріне қастандық жасалған болатын. Осыдан кейін патшайым орнын босатуды ұйғарды. Мұрагер ретінде Уильям мен Кейтті таңдапты. Австралиялық әйгілі журналдар мұқабасында Кейт Миддлтонның суретін де жариялап жатыр. Астында “жаңа патшайым” деген жазуы да бар көрінеді. Ал Globe журналы “өлім алдындағы патшайым тақтан бас тартты” деген ерсі тақырыппен мақала шығарып үлгерді. Елизаветта мұрагер етіп ұлы Чарльзді емес, немересі Уильямды таңдағаны қызық. Демек, патшайым ұлының ел басқаруға қауқары жетпейтіндігін біледі, деп жазады шетелдік БАҚ. Басылымдар Чарльздың Диана Спенсермен бақытсыз некесін мысалға келтіруде. Одан қалды үйлі-баранды болған кездегі көңілдесі Камилла Паркер-Боулзпен отбасын құрғанын еске салды. Алайда Камилланы патшалық отбасы ақыры қабылдамады. Ал Уильям мен Кейтті Англия жұрты аса құрметтейді. Кейттің екінші рет құрсақ көтеруі де жас отбасыға біраз абырой қосты. Еске салайық, таяуда Букенгем сарайында екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен халықты құттықтамақ болған патшайымға исламистер тарапынан шабуыл жасалды. Абырой болғанда, арнайы қызмет қайғының алдын алды.