Денсаулық

Құтқарушылар Екібастұздан оралды

Құтқарушылар Екібастұздан оралды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Павлодар облысының Екібастұз қаласында орын алған төтенше жағдайларды жою жұмыстарын аяқтап, облысқа оралды.

Еске сала кетсек, жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында таңғы сағат 06.00-де екібастұздықтарға көмекке аттанған болатын. Олар жеке құрамның 6 мүшесін, 2 техника (Камаз, УАЗ), сондай-ақ 18 дизельді жылу зеңбірегі, электр кабелі қоры бар жанармайлы генератор, 6 дана электрлі прожектор және жарық бағанын алып барып, қолданған болатын. Төтенше жағдай аумағына 3 желтоқсан күні кешке жеткен құтқарушылар шұғыл түрде жұмысқа кіріскен. Жеке құрам жылу зеңбіректерінің көмегімен тоғыз қабатты тұрғын үйдің пәтерлерін жылыту бойынша жұмыс жүргізді. 10 желтоқсанда бөлімше барлық жұмыстарды аяқтады. Ал 11-і күні Павлодар облысы, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы барлық бөлімшелерде орын алған төтенше жағдайлардың салдарын жоюдағы өз міндеттерін мінсіз орындағандары үшін Алғыс хаттармен марапаттады. Екібастұзда жасақтың құтқарушылары қиын жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған. Алайда қызметкерлердің мол тәжірибесі мен кәсіби шеберліктерінің арқасында жоғары деңгейде жұмыс атқарылды. Жалпы Павлодар облысының әкімдігі жамбылдық құтқару тобы жеке құрамының жүргізген жұмыстарын өте жоғары деңгейде деп бағалауы, атқарылған жұмыстардың маңыздылығының көрсеткіші болып табылады.  

«Aq jol»-Aqparat».