Басты жаңалық

2024 жылғы Олимпиада Калининградта өтуі мүмкін

2024 жылғы Олимпиада Калининградта өтуі мүмкін

Ресейдің Калининград облысының қоғамдық палатасы 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын Калининградта өткізу бастамасын алға тартты. Бұл ұсынысты жұмыс тобының өкілі Александр Тарасов жариялады. Алдын ала тұжырымдамаға сәйкес, 33-ші жазғы Олимпиада ойындары бірден екі қалада – Калининград пен Берлинде өтуі тиіс. Қоғамдық палата өкілдері бірнеше рет осы идеяны білдірді, – деді қалалық кеңестің депутаты Андрей Шумилин. – Бұл мәселені біз облыс губернаторы Николай Цукановпен және Ресейдің Олимпиада комитетімен бірлесе отырып талқыладық”. Оның сөзіне қарағанда, Калининград Олимпиада өткізу үшін қызығушылық танытатын қалалардың бірі бола алады. “Балтық теңізінің акваториясында Санкт-Петербор орналасқан, онда Олимпиада кезінде қызмет көрсете алатын көптеген нысандар бар, – деп нақтылады Шумилин. – Берлин, әрине, территориясы жағынан Калининградқа жақын, бірақ меніңше, бұл ойды әлі де қарастыру керек” деп хабарлайды Росбалт.