- Advertisement -

Гүл шоқтарын қойды

106

- Advertisement -

Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Әрбір қазақстандық үшін азаттықтан асқан ұлы ұғым, Тәуелсіздіктен асқан биік тұғыр жоқ.

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толды. 16 желтоқсан күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған өңірдегі басшылар мен зиялы қауым өкілдері «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қойды.

***

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы азаттық үшін алысып, ел үшін жан пида еткен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Тәуелсіздік күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Азаттық жолында құрбан болған боздақтардың рухына құран бағышталды.

Шараға желтоқсаншылар мен «Аmanat» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері де қатысты.

 

 «Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support