Жамбылда не жаңалық?

Жамбыл

Жамбыл

Жасөркен ауылы аумағында 2035 Жасөркен шекарасы заставасы орналасқан. Көршілес қырғыз елімен шектесетін мұнда шекарашылар қырағы күзетте тұр. Қызылқайнар сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Ануар Тілегенов ауылдың бір топ қарияларымен шекара заставасында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Шекара заставасының бастығы, капитан Ерік Қарасаев Отан шебін күзетуде қырағылық танытқан шекарашылардың өмірінен сыр шертті.