- Advertisement -

Сынамалар дер кезінде алынуда

116

- Advertisement -

Облыс бойынша экология департаментінің зертханалық талдамалы бақылау бөлімі объектілерге берілген эмиссия нормативтерінің сақталуын бақылайды. Бүгінгі күнге сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар ГОСТ ISO/IEC-17025-2019» талаптарына сәйкес үш рет аккредиттелді. Сынақтау зертханасында өндіріс шығарындылары нормативтерінің сақталуын бақылау бағытында табиғи су құрамынан 35, шайынды су құрамынан 45, топырақ құрамынан 13, санитарлық қорғау аймағынан 18 және атмосфералық ауаға шығарылып тасталатын шығарындылар құрамынан 13 көрсеткіштер бойынша зиянды заттар мөлшері анықталады.

Зертхана есепті мерзімде ластаушы көздерден 413 сынама, 2 012 химиялық талдаулар жасады. Оның ішінде ауа атмосферасынан 328 сынама алынып, 986 сынама талданса, су ресурстарының ластануын бақылау бағытында 85 сынама алынып, 1 026 талдау жүргізілді. Зертханалық талдамалы бақылау нәтижесінде ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтерінің сақталмауына байланысты 9 448 349 теңгеге айыппұл салынды.

Автоматты мониторинг жүйесі бойынша облыста экология департаментімен «Қазфосфат» ЖШС Қаратау кен-байыту комбинаты, осы серіктестіктің Шолақтау кен-байыту комбинаты, Тараз филиалы «Минералды тыңайтқыштар» зауыты, «Қазфосфат», «ЖЖФЗ» зауыты, Т.Батуров атындағы ЖЭЖЖ АҚ, «Еврохим», «Жамбылметаллургиялық комбинаты» және «ACIG» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында қоршаған ортаға автоматты мониторинг жүйесін орнату жөнінде 2018 жылы меморандумға қол қойылған болатын.

Облыс аумағында табиғат қорғау іс-шараларының талабы негізінде автоматты мониторинг жүйесі дайындық жұмыстары аяқталған соң, келер жылдан бастап іске қосылады. Атап айтқанда, «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы «Минералды тыңайтқыштар» зауытының «Аммофос» цехының атмосфералық ауаны ластаушы № 0011 ластаушы көзіне «СГК-510 SOLER» типті газ талдағышымен жарақтандырылған автоматты мониторинг жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жүйе тұрақты көзден бөлінетін фторлы газдардың құрамынан фторлы сутекті үздіксіз анықтап зауыттың автоматты жұмыс жасап тұрған оперативті басқару диспетчерлік жүйесіне жеткізеді.

Сонымен қатар «Еврохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің санитарлық қорғаныш аймағына атмосфералық ауа құрамынан қатты заттарды анықтау үшін автоматты мониторинг жүйесі жұмыс жасайтын болады.

Ал Т.Батуров атындағы ГРЭС АҚ санитарлық қорғаныш аймағына атмосфералық ауа құрамынан күкірттің қос тотығы, азот моно және қос тотығы шоғырларын «С-105» типті газ талдағышымен үздіксіз анықтап, көрсеткіштерін сымсыз жеткізуге арналған «SOLER ПЭК-1» типті экологиялық бақылау бекеті орнатылған. Бұл атмосфералық ауаға бөлінетін зиянды заттектерді үздіксіз бақылап, қажетті іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС Қаратау кен-байыту комбинатының санитарлық қорғаныш аймағына атмосфералық ауа құрамынан қатты зат шоғырын анықтауға арналған «CAIRNET 3G/2G» жүйесі орнатылды. Жеке энергия көзімен жарақтандырылған «CAIRNET 3G/2G» жүйесінің қатты зат шоғырын әр 10 минут сайын анықтап, онлайн режимінде үздіксіз таратуға мүмкіндігі бар. Т.Батуров атындағы «ЖЭЖЖ» АҚ шайынды су тазарту ғимаратынан шыққан су құрамынан «UVASsc» типті есептегішімен еріген оттегі мен «pHD sc» типті есептегіші сутек көрсеткішін анықтауға арналған жүйе онлайн режимінде жұмыс жасайтын болады.

Атмосфералық ауаға және трансшекаралық өзендерге жүргізілген мониторинг бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен «Казгидромет» РМК арасындағы өзара әрекеттестік тәртібін бекіту туралы 2018 жылғы 25 мамырдағы №36 бұйрығымен трансшекаралық өзендер мен Билікөл көлінен су сынамасын бірлесе алу жоспарына сәйкес департамент «Казгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің сынақтау зертханасымен бірлесіп Талас, Ақсу, Қарабалта, Тоқташ және Сарықау өзендерінен су сынама үлгілері алынып талданды. Өзендер суының сапасы жөніндегі толық ақпарат «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сайтында арнайы бюллетеньде ай сайын жарияланып отырады.

 

Жаһангер НАЗАРБЕКОВ,

облыс бойынша экология департаментінің

зертханалық талдамалы бақылау бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support