- Advertisement -

Өрт сөндірушілердің еңбегі еленді

69

- Advertisement -

Жақында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Тараз қаласының Қапал көшесінде орналасқан тұрғын үй аумағындағы сарайдан өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл түрде қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары жөнелтілді. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер қалыптасқан жағдайды жедел түрде бағалап, «қызыл жалынды» сөндіру жұмыстарына кіріскен. Жеке құрамның кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрт жарты сағатта ауыздықталды. Өртті сөндіру барысында 6 техника мен 23 қызметкер (№4 өрт сөндіру бөлімі, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, кезекші өрт сөндіру қызметі және апаттар медицинасы орталығы) жұмылдырылды. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Үй иесі өз кезегінде жедел көмекке келген өрт сөндірушілердің ширақтығы мен кәсіби шеберліктеріне тәнті болып, алғысын білдірді. Ол сондай-ақ өрт сөндірушілердің тек үйді ғана емес, оған жақын орналасқан құрылыс нысандары мен көрші үйлерді де «тілсіз жаудан» аман алып қалғандығын жеткізген.

Құрметті облыс және қала тұрғындары! Қай уақытта да қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз.

 

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің

қоғаммен байланыс тобы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support