- Advertisement -

Басты мақсат – қауіптің алдын алу

104

- Advertisement -

Қаһарлы қыстың тосын сыйы көп. Ал біз қандай сый болмасын, сақадай-сай болуымыз керек. Мойынқұм ауданында сақтық шараларын пысықтаған «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтті.

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру кезінде басшылық құрам мен командирлердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруді мақсат еткен оқу-жаттығу азаматтық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимылда міндеттерді орындау кезінде авариялық-құтқару құрамаларын түгендеді. Авариялық-құтқару құрамаларының төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын тексеру, төтенше жағдайларды жою бойынша тәсілдер мен іс-қимылдарды жетілдіру ерекше назарға алынды.

Аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Исақов сапты аралап, жедел ден қою жасақтарының әзірлік деңгейі мен басқа да қажетті құрал-жабдықтарын тексеріп, арнайы жаттығуларын бақылады.

Ауданда төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға арналған 2 шатыр (ішіне 50 адамды орналастыру үшін темір төсектер, көрпе, жастық, матрас бар), халықты құлақтандыруға арналған 2 дабыл бергіш, 2 800 қап, 50 дана жалпақ күрек, 20 құтқару желеткесі, 9 жұп етік, 6 мотопомпа, тағы басқа құрал-жабдықтар алынған. Азаматтық қорғау және төтенше жағдай құрамында 69 адамнан құралған 8 командалық топ, 20 техника болды.

Азаматтық қорғау және төтенше жағдай құрамы аудан орталығындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің қазандығында шартты түрде ақау шығуына байланысты өткізген оқу-жаттығуды жүйелі жүргізді. Жаттығу барысында командалардың атқаратын міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кейбір қызметтер әлі де болса материалдық-техникалық жетілдіруді қажет ететіндігі айтылды.

 

 Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,

журналист.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support