- Advertisement -

Халық қаһарманын еске алды

64

- Advertisement -

Жақында Мейіржан Көпбосынұлы Аймановпен 1997 жылы Павлодар техникалық училищесін бірге аяқтаған түлектер бас қосып, өздерімен курстас болған Халық қаһарманын құрметпен еске алды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары болған азаматтық қорғау полковнигі Мейіржан Айманов азаматтық қорғау органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет атқарған. 2021 жылғы 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімде орын алған жарылыс кезінде М.Аймановтың нақты, сауатты іс-әрекеті мен қайсарлығының арқасында үш елді мекеннің 710 тұрғыны қауіпсіз орынға эвакуацияланды. Алайда Мейіржан Көпбосынұлы аталған оқиға орнында қызметтік міндеттерін орындау барысында ерлікпен қаза тапты.

Қаза болғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен республикаға сіңірген ерен еңбегі мен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары болған марқұм Мейіржан Көпбосынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендері тапсырылған болатын.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support