Талас
Талас
Жерлесіміз, қазақ сатирасының белді өкілі Шона Смаханұлының туғанына – 90 жыл толуы мерейтойы аясындағы іс-шаралар – Сейілбек ауылындағы өзінің есімімен аталатын мектептен бастау алғаны белгілі. Аталмыш білім ұясы ұжымының бастамасымен жуырда ауыл жастары қариялар рұқсатымен көрнекті қаламгердің Ойық ауылына кіреберіс қыр беткейіндегі қабірі басын оңдап, құлпытасын биіктетіп, кетілген тақтатасын, қоршауын ретке келтірді. Ақын рухына ұрпақтары осылай тағзым етіп, құрмет көрсетті.