- Advertisement -

Студенттерге жаңа құрылғылар таныстырылды

94

- Advertisement -

Облыс бойынша экология департаменті М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Жуырда департаменттің сынақтау зертханасының бас мамандары аталмыш жоғары оқу орнының «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының» техносферадағы өмір тіршілік қауіпсіздігі мамандығының студенттерін атмосфералық ауадан, судан, топырақтан сынама алу және алынған сынама үлгілерін фотоколориметриялық, гравиометриялық, аргентометриялық, флуориметриялық және потенциометриялық әдістерімен анықтау мүмкіндіктерімен таныстырды.

Зертханалық талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Жаһангер Назарбеков студенттерге сынақ зертханасының бүгінгі күнге дейін ISO/IEC халықаралық стандартымен үш рет аккредиттелгенін, зертханада жоғары санаттағы мамандар жұмыс істейтіндігін, стандарт талабына сай зертхана заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылғанын айтып, жаңа құрылғылармен таныстырды. Ол болашақ мамандарға қоршаған ортаны ластаушы заттектерді атомды-абсорбциялы, ионды-хроматографиялық әдістермен анықтау жолдарын көрсетті. Сондай-ақ студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды.

 

Ерман ӘБДИЕВ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support