Шу
Шу
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Достық үйі қызметкерлері және облыстық этномәдени бірлестіктер бастаған топ Шу ауданына атбасын бұрып, Көктөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Еліміздегі ұлтаралық бірлікті нығайту, Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатын көздеген шарада Жамбыл орта мектебінің акт залында ауыл тұрғындарымен кездесіп, мызғымас ынтымақ пен бейбітшілікке шақырды. Мектеп сахнасында ұлттық ойындар спартакиадасы, «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында үздік сурет байқауы және өнер үйірмелері жетекшілерінің қатысуымен қолданбалы өнер бойынша шебер-класс ұйымдастырылды.