- Advertisement -

Құрылыста қарқын бар

68

- Advertisement -

Президент Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдер, олардың орынбасарлары халық алдында жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша есеп беруде. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың есебі тыңдалды.

Аймақ басшысының орынбасары Ерболат Ибрайханов баяндамасында өзі басшылық ететін энергетика, жол, құрылыс және цифрландыру саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталды. Биыл аталған салаларда 249 жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 88,8 миллиард теңге бөлініпті. Аталған жобалардың 136-сы осы жылы тапсырылуы тиіс болса, 113-і келер жылға өтпелі.

Сөз етілген жобалар аясындағы 146 нысанға қаржы «Нұрлы жер», 45-іне «Ауыл – ел бесігі», 33-іне «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары арқылы қаржы бөлінсе, 3 нысан құрылысына қаражат Үкімет резервінен алынды. Қалғаны білім беру субвенциялары есебінен қаржыландырылды.

– Облыста әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін биыл құрылыс саласына 225,9 миллиард теңгеге инвестиция тарту межеленіп, құрылыс жұмыстарының көлемін 100,4 пайызға орындау белгіленген болатын. Ағымдағы жылдың 11 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 101,6 пайызға орындалды. Бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 36 566 азамат тіркеуде тұр. Осы жылы құны 24,7 миллиард теңгеге 4 388 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 680 пәтерлі тұрғын үйдің11-і арендалық, 3 648 пәтерлі 56 тұрғын үй кредиттік. Ал 60 пәтерлі 1 тұрғын үй пилоттық жоба бойынша салынған. Жыл соңына дейін 2 740 пәтерлі 41 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның 560-ы пәтерлі 9-ы арендалық, 2 180 пәтерлі 32-сі кредиттік тұрғын үй, – дейді Ерболат Мақсұтқанұлы.

Баяндамашының айтуынша, бүгінгі таңда 1320 пәтерлі 19 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталыпты. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Асар» жобасы аясында 121 баспана салу жоспарланса, оның 72-сі жаңа құрылыс, 26-сы күрделі жөндеу, 23-і сатып алу есебінен жүзеге асқан. Қазіргі таңда 71 үйдің құрылысы аяқталып, баспана кілті тапсырылған, ал 44 баспана мереке күндері өз иелеріне берілмек.

Ерболат Мақсұтқанұлы жеке тұрғын үй салу үшін берілетін жер телімдері, кезекке тұрған азаматтар саны, ол жерге жүргізілген инфрақұрылым, тұрғындарды ауыз су, табиғи газбен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту, қысқы жылыту маусымы, қатты отын, сұйытылған газ тапшылығын жою секілді салаға қатысты басқа да атқарылған жұмыстар жайлы егжей-тегжейлі баяндады.

Жиын соңында Ерболат Мақсұтқанұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support