- Advertisement -

Ет экспорты еселенуде

70

- Advertisement -

Мал етінің экспортқа көптеп шығарылуына бірден-бір қозғау салған – ауыл шаруашылығы саласында қабылданған «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» және басқа да бағдарламалар мен жобалар екені даусыз. Аудандарда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы да сүт және ет өнімдерінің шет мемлекетке жиі шығарылуына өз септігін тигізіп отырғаны анық. Сондай-ақ «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасының да мал өнімдерін арттыруға қосып отырған үлесі қомақты.

Аталған бағдарламалар мен жобалардың есебінен облыста мал басының артып, бүгінде ет экспорты жандана түскенін көріпотырмыз. Бұған дейін ет бізге шет мемлекеттерден келетін болса, енді біз оларға шығаратын әлеуетке ие бола бастадық.

Облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Тынысбекұлының айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында шетелге 1585,7 тонна ет экспортталған. Оның 928,5 тоннасы қой, 124,5 тоннасы сиыр, 0,5 тоннасы жылқы еті. Бұдан бөлек, 340 тонна құс еті мен 192,2 тонна шұжық өнімдері бар.

Мал еті Меркі ауданындағы «Меркі ет комбинаты» ЖШС-нан Біріккен Араб Әмірлігіне, Қордай ауданындағы «Оптоград» ЖШС-нан Оман мен БАӘ елдеріне жіберілген. Тарқатып айтсақ, 928,5 тонна қой еті – Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Бахрейн, Кувейт елдеріне экспортталған. Ол мал өнімдері облысымыздағы «Меркі ет комбинаты», «Nomad organic», «Оптоград», «Boszhan Company», «KazakhAgroExport» ЖШС мен «Алмат» шаруа қожалықтарының мал сою алаңдарында
экспорт талаптарына сай өңделіп, шет мемлекетке шығарылуда. Ал 124,5 тонна сиыр еті – Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Қырғызстан мемлекеттеріне экспортталған. Жылқы еті Ресей, АҚШ, Қырғыз бен Әзірбайжан елдерінің сұранысына қарай жіберілген. Әзірге құс еті Қырғыз мемлекетіне ғана экспортталуда, оның өзі Байзақ ауданындағы «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-ның өнімі. Шұжық өнімдері тек Ресей
нарығына шығарылған.

– Бүгінгі таңда шетелдіктердің қозы етіне деген сұранысы жоғары. Тауардың негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы мен Бахрейн Корольдігіне және Қырғыз мемлекеттеріне жіберілуде. Атап айтсақ, шет мемлекеттерге шығарылған 928,5 тонна қой етінің тең жартысынан астамы «Меркі ет комбинаты» ЖШС- нан Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн Корольдігіне жөнелтілген. Бұдан бөлек, аталған елдерге «SNK Consult Group» ЖШС жиырма тоннадан астам қозы етін жіберіп отыр. Сонымен қатар «Әулие-АтаФеникс» ЖШС–340тонна құс етін Қырғыз Республикасына жіберген. Жылқы етінің экспортқа шығарылымы – 0,5 тоннаны құраған. Қазір ет экспорты әлеуетін арттыру мақсатында аймақта арнайы бағдарлама қабылданып, шетелден етті бағыттағы мүйізді ірі қаралар әкелінуде, – дейді Тұңғыш Тынысбекұлы.

Статистикалық мәліметке жүгінсек, мал шаруашылығы өнімдерінен ет өндірісі – 21,8 пайызға, яғни, 9,6 мың тоннаға, сүт өндірісі – 1 пайызға, 16,8 мың тоннаға артқан. Бүгінде қой етін экспорттау бойынша республикада өңіріміз көш бастап тұр. Атап айтсақ, алдыңғы жылы елімізде 3800 тонна қой еті шетел нарығына шығарылса, оның 44 пайызы әулиеаталық тауар өндірушілерге тиесілі болған еді.

Қазір ет экспорты әлеуетін арттыру мақсатында аймақта арнайы бағдарлама қабылданып, шетелден етті бағыттағы мүйізді ірі қаралар әкелінуде. Соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы аясында алыс-жақын шетелден 36 мың мүйізді ірі қара алу межеленіпті. Былтыр өңірімізге 4 мыңнан аса мал әкелінген. Ал биыл өңірімізге тағы да 5 мың мал әкелу жоспарлануда.

– Бағдарламаның негізгі мақсаты – шетелден сатып алынатын ет бағытындағы малдың генетикалық әлеуетін пайдалана отырып қолдағы малдың өнімділік көрсеткішін жоғарылату. Бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сиыр етінің экспорттық потенциалын арттыру мүмкіндігіне қол жеткіздік. Атқарылған шаралардың аясында жылдан жылға ет экспорты ұлғайып келеді. Жыл басынан бері тауар өндірушілер 928,5 тонна қой, 124,5 тонна сиыр етін экспорттады, – деді Тұңғыш Тынысбекұлы.

 

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support