Ғаламға таныл, Қазақ күресі!
Ғаламға таныл, Қазақ күресі!
Өткен жылы тұңғыш рет елімізде өткізілген қазақ күресінен «Еуразия барысы» мега-жобасы ағымдағы айдың 22 жұлдызында қаламыздағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтеді. Биылғы дода былтырғыға қарағанда тартысты болмақ. Өйткені «Еуразия барысына» биыл әлемнің он екі елінің «сен тұр, мен атайын» спортшылары келмек. Турнирде барын салуға тас түйін дайын отырған Грузия балуандары да, Польша алыптары да «өліспей, беріспейміз» дейді. Айтулы аламанды әлем жұртшылығы тікелей эфирден тамашаламақ. Еліміздегі және алыс-жақын шет елдердегі арналармен бірқатарда «Боец» секілді белді арналар тікелей трансляция ұсынады.
Бұл додада еліміздің намысын Қазақстанның нағыз барыстары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсыновтармен бірге жерлесіміз Дәулетхан Жақып, Қайрат Ағыбаев, Абзал Арыстанбеков сынды балуандар қорғайды деп күтілуде. Командалық бәсекені жұртшылық асыға тосып отыр. «Биыл «Еуразия барысының» ауқымы бұрынғыдан да кеңейе түсті. Ол дегеніміз – қазақ күресін жақын жылдары күллі әлем мойындайды деген сөз» деседі ұйымдастырушылар.
«Еуразия барысына» жамбылдық балуан дәулетхан жақып қатысады