- Advertisement -

Мүмкіндігі мол мобильді қосымша

285

- Advertisement -

Енді құжат немесе ЭЦҚ алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Мобильді қосымшаны (ЦОН google play немесе Аpp Store арқылы жүктей аласыз) оператормен бейне қоңырау арқылы байланысып, онлайн түрде тез әрі жылдам, уақыттарыңызды үнемдеп тапсырыс бере аласыз.

Сондай-ақ аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бірреттік төлемдерді тағайындау, көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

Ең бастысы – сапалы қызмет және уақыт үнемдеу. Бір-екі қадам мен 30-дан астам қызмет түрін алу мүмкіндігі туды. Бізге қосылып уақытыңызды үнемдеңіз, Мемлекет корпорациясы сіздер үшін сапалы түрде, тиімді жолмен қызмет көрсетеді.

Жаңа Қазақстанға жаңа бағыт, цифрландыру біз бен сіздердің қолымызда. Біз бұл орайда мүмкіндіктерімізді арттырамыз!

 

М.БОСТАН,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының Бірыңғай байланыс орталығы бөлім басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support