- Advertisement -

Құландық жастар «Жаңа есімдермен» танысты

75

- Advertisement -

Жақында Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан агротехникалық жоғары колледжі білімгерлері «100 Жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті.

Шараның басты мақсаты – Қазақстандық бірегейлікті одан әрі қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының жетістіктерінің нақты тарихы мысалында жастарды патриоттық тәрбиелеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру, нығайту, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын насихаттау.

«100 Жаңа есім» жобасының қатысушысы, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы» директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, депутат, «Аманат» партиясының мүшесі Гулам Умаров студенттермен өмір жолындағы тәжірбиесімен бөлісті. «Бүгінде еліміз табысты, қарқынды даму үстінде. Ендігі ретте өркениетке бет бұрған егемен ел жастары болашақты өз қолымен жасайтын нағыз патриот болуы қажет» – деді ол. Гулам Мұхтарұлының айтуынша, еліміздің іргетасының берік болуы білімді жастардың қолында.

Республикалық дүнген этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ақ желкен» жастар лигасының негізін қалаушы, жас кәсіпкер Зайнутдин Махусеев та жастарға түрлі кеңестерін айтты.

Білімге құштар жастар өз кезегінде спикерлерге сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Келелі кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева жүргізіп отырды. Кеш модераторы Мүбарак Қасымқызы белсенді жастарға сыйлықтар табыс етті. Шара соңында «Your-Path» жобасының негізін қалаушылары – Александр Скалкин және Санжар Сүлейменов жастарға арнап тимбилдинг форматында кездесу өткізді.

Айта кету керек, аталған ауданның орталығында «Достық үйі» ашылған болатын. Тараздан келген қонақтар ат басын бұрып, «Достық үйінің» қызметкерлерімен, этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Жамбылдан арнайы апарған сый-сияпаттарды табыстап, бірлікті бекемдеу жолында жасағалы жатқан істеріне толайым табыстар тіледі.

 

А.БЕКЕНҚЫЗЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support